Германия делегациясы Astana Hub технопаркімен танысты
ГФР СІМ өкілдері - Экономикалық мәселелер және тұрақты даму департаментінің басшысы Рентшлер Михаэль және Экономикалық дипломатия департаментінің басшысы Крамэр Холгер Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде болды.
Сапардың мақсаты - Қазақстанның инновациялық ІТ-экожүйесімен танысу және IT саласындағы ынтымақтастықты қарастыру.
"Қазіргі уақытта көптеген еуропалық компаниялар бизнесті кеңейту үшін жаңа аймақтар іздеуде. Ал Орталық Азия жайлы айтсақ, ең алдымен Қазақстанды ойға аламыз", - деді Рентшлер Михаэль.
Қонақтарды ЦДИАӨМ ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов және Astana Hub Халықаралық қатынастар, инвестициялар және экспорт кеңсесінің директоры Бейбіт Түзелбаев қарсы алды. Олар Қазақстанның ІТ-экожүйесі, технопарк қызметі туралы айтып, бірнеше стартаптарды таныстырды.
Кездесу барысында Alem School өкілі Данабек Қалиаждаров Орталық Азиядағы өзара оқыту қағидаттарына негізделген бірінші бағдарламалау мектебінің қызметі туралы айтып берді.
Сондай-ақ делегация құрамында Герман экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаель Хармс, Орталық Азия елдеріндегі (ҚХА) Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Восканян Ховсеп, "Papenburg AG" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Ангела Папенбург, "Svevind"компаниясының президенті Вольфганг Кропп, ШҚМЭ Басқарма мүшесі және “Knauf Group" компаниясының кеңесшісі Манфред Грундке, "Goldbeck Solar"компаниясының президенті Йоахим Голдбек, Lufthansa компаниясының Германия мемлекеттік органдарымен байланыс бөлімінің басшысы, Берлиндегі Lufthansa өкілдігінің басшысы Ян Кернер болды.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін