Кубадан келген делегация Astana Hub-пен танысты

Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев Кубаның Ғылым, технология және қоршаған орта министрінің орынбасары (CITMA) Армандо Родригес Батистаны қабылдады. Кездесу барысында қонақтар Astana Hub бас кеңсесінде болып, технопарк аумағын аралады.


Мағжан Мәдиев Astana Hub-тың Орталық Азиядағы ең ірі технопарк екенін, оның миссиясы инновациялық жобаларды дамыту, жетекші IT-компанияларды құру, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жас және дарынды ІТ-мамандарды тарту орталығына айналу екенін атап өтті. Ол сондай-ақ жақын арада CITMA-мен ынтымақтастық құруға дайын екеніндігін білдірді.

Министрдің орынбасары Родригес Батиста Кубадағы ақпараттық технологияларды дамыту перспективалары, Компьютерлік ғылым университетіндегі технопаркі және елде электронды үкімет жүйесін енгізу жоспарлары туралы бөлісті. Ол Astana Hub бас директорын Кубаға сапармен келуге және келесі жылы Informática 2025 конференциясына қатысуға шақырды.

Кездесуге сондай-ақ Куба тарапынан елші Оскар Сантана Леон және CITMA халықаралық байланыстар жөніндегі директордың орынбасары Карлос Мендес Гарсиа, ал Astana Hub атынан халықаралық қатынастар және инвестициялар басқармасының директоры Мәди Тәжікенов пен халықаралық қатынастар және инвестициялар басқармасының маманы Мархабат Зейнеғабиденова қатысты.

Дереккөз: https://misiones.cubaminrex.cu/es/articulo/visita-viceministro-del-citma-el-parque-tecnologico-astana-hub

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін