Digital Bridge-2022: Қазақстандық IT-стартаптар $18 000 Astana Hub Battle-да жеңіп алуы мүмкін
29 қыркүйекте Digital Bridge-2022 халықаралық форумы алаңында Astana Hub Battlе технологиялық стартаптардың жыл сайынғы шайқасы өтеді. Үздік стартаптар 1 орынға - $10 000, 2 орынға - $5 000-, 3 орынға- $ 3 000 сомасында IT-өнімдерін дамытуға ақшалай жүлделер алады.
"Мұндай баттлды бірнеше жыл өткізіп жатырмыз, қазірде оның нәтижелілігін көріп отырмыз. Өткен жылдардың жеңімпаздары отандық IT-нарығында табысты дамып, өз өнімдерін шетелге экспорттап жатыр. Олардың ішінде Oquda, Parqour, UvU, KidSecurity, Abscrypt және басқалары бар. Astana Hub Battlе нағыз таланттар және өз мақсатын айқын білетін стартаптар алаңы болып қалыптасты. Кез-келген стартап үшін мақсатын білу өте маңызды. Біз оларға дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп атап өтті Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.
Баттлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында масштабталатын жоба, команданың кемінде екі негізгі қатысушысы және нарықта екі жылдан аспайтын тәжірибе болуы керек.
Қатысуға өтінім берген жүз неғұрлым бәсекелес жоба жартылай финалда минуттық таныстырылыммен өнер көрсетеді және қорытындысы бойынша 10 үздік стартап финалға шығып, жеңімпаз атағын алу үшін жарысқа түседі.
Қатысуға өтінімдер 20 қыркүйекке дейін digitalbridge.kz/battle2022kz/ сайтында қабылданады.
Айта кетейік, Digital Bridge-2022 халықаралық форумы 28-29 қыркүйекте "EXPO" халықаралық көрме орталығында өтеді. Astana Hub Battlе форумы аясында өткізілетін шара экожүйенің жаңа қатысушыларын іздеуге, отандық стартап-мәдениетті насихаттауға және елдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін