Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Қатысушыларға төрт түрлі формат ұсынылады: 21,1 км жартылай марафон, 10 км жүгіру, 10 км скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы. Барлық маршрут AIMS және World Athletics халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Жүгірістің басталуы мен аяқталуы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Биылғы бағыт елорданың ең көрікті орындарын қамтиды: алаңдар мен көпірлер, жағалау, Бәйтерек пен EXPO. Әрбір шақырым астананың әсем көріністерін қамтып, жарқын әсер сыйлайды.
Ұйымдастырушылар мұндай марафонды 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Бүгінде бұл – өңірдегі ең ауқымды жүгіру бастамаларының бірі. Жарыс логистикасының ұтымды ойластырылғаны, қолжетімді қашықтықтар мен қалалық инфрақұрылым оны жаңадан бастағандар мен тәжірибелі спортшыларға тартымды етеді.
Astana Hub мұндай бастамаларды технологиялық қауымдастықты дамыту мен адам капиталын нығайтудың кешенді тәсілінің бір бөлігі ретінде қарастырады.
Толық ақпарат пен тіркеу сілтемесі: https://www.almaty-marathon.kz/kk/