«Бүгінде Astana Hub-та 1500-тен астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің қатысуымен. Экспорт қатысушылар табысының шамамен 35-40%-ын құрайды. Егер көрсеткішті 2023 жылмен салыстыратын болсақ, «Компьютерлік қызметтер» аясында ел бойынша экспорт көлемі 529 млн долларды құрады. Ал қатысушыларымыздың IT-саласындағы экспорты – 315 млн доллар болды. Яғни, шамамен айтқанда, ел экспортының 60%-ы қатысушыларымызға тиесілі», – деді Жансая Қалыбекова, Astana Hub қатысушыларын реттеу офисінің директоры.
Ал биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспорты 150 млн АҚШ долларына жетті. Мамандар пікірінше, мұндай өсім саланың қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұған мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал етіп отыр. Профильді министрлікте халықаралық аренада қазақстандық цифрлық шешімдер аясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Толығырақ 24.kz сайтында.