Қазақстандағы балалар жылы: Astana Hub-та балаларға арналған қандай стартаптар бар

Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, балалар жылы тек ұрандар мен мерекелік іс-шараларды өткізуді ғана емес, ең алдымен, балалық шақты қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында нақты шаралар қабылдауды білдіреді.

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің базасында балаларды дамыту мен қорғауға бағытталған стартаптар мен IT жобалар құрылды: 

UvU

UvU - бұл 5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды 4 орынды автокөлікпен тасымалдайтын әйел жүргізушілері бар қауіпсіз, ыңғайлы және қолжетімді сервис.

Жобаның серіктестері - отбасыларға ынтымақтастық пен өзара көмек қағидаттарына негізделген тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесуге дайын жүргізуші аналар.

Roqed

Ғылымды оқытуға арналған жоғары сапалы визуалды және интерактивті бағдарламалық жасақтама. Білім беру мекемелеріне жоғары технологияларды енгізу.

Виртуалды және интерактивті ортада ғылымдарды үйренуге және практикалық дағдыларды дамытуға арналған қосымшалар. Энциклопедиясы бар 1200-ден астам интерактивті 3D визуализация

Funtyx Games

FUNTYX GAMES - бұл балалар мобильді ойындарын дамыту студиясы. Әзірлемелерінің бірі - Jungle town ең кішкентай балаларға арналған мобильді ойыны, басты кейіпкерлері - сүйкімді жануарлар.

Big dream

Оқулықтардағы қарапайым суреттер 3D форматында көрсетілетін бағдарлама. 2017 жылдан бастап Big Dream lab білім беру, маркетинг, құрылыс, өндіріс және полиграфия саласында толықтырылған, виртуалды және аралас шынайылықтың озық технологияларын әзірлеп, енгізеді.

Bilim Media Group

Bilim Media Group жобасының негізгі миссиясы мен ұраны – «барлығына қолжетімді сапалы білім». Негізгі ресурсы - Bilimland.kz порталы, онда нөлден екі жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытуға арналған материалдар, бастауыш және орта сыныптарға арналған курстар бар.

BALAM

Қазақстандағы балабақшалар мен ата-аналарға арналған алғашқы және бірегей қосымша. Бұл ата-аналар мен балабақшалардың қарым-қатынасын тиімдірек және жеңілдетуге бағытталған инновациялық жоба.

ABCHESS

ABCHESS - бұл онлайн және офлайн режимінде, жаттықтырушымен немесе өз бетінше шахматты оқытудың заманауи экожүйесі. Олардың міндеті-барлығына қол жетімді сапалы шахмат білімін құру.

Balapay

Balapay – балалар үшін мектептерде қолма-қол ақшасыз тамақтану сервисі. Оқушылар жеке smart-картаны мектеп асханасында төлем құралы ретінде пайдаланады.

KidSecurity

Kid security - бұл ата-аналарға балалардың орналасқан жерін әрдайым білуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін