Hero Training 2025: Кремний алқабындағы акселератордың төртінші легіне өтінім қабылдау басталды

Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлесе отырып, Draper University серіктестігімен жүзеге асырылатын Hero Training халықаралық акселерациялық бағдарламасының төртінші легіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама ауқымын кеңейтуге және жаһандық нарыққа шығуға дайын технологиялық стартаптарға арналған.


Өтінімдер 2025 жылғы 13 тамызға дейін қабылданады. Қатысуға ниет білдірушілер сілтеме арқылы тіркеле алады.

Hero Training дегеніміз — Кремний алқабында орналасқан Draper University кампусында өтетін бес апталық қарқынды бағдарлама. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүзге жуық стартап білім алып, дамуға жол ашады. Бағдарлама аясында қатысушылар воркшоптар мен стратегиялық сессиялардан өтеді, инвесторлармен ашық AMA-кездесулерге қатысады, жетекші кәсіпкерлерден менторлық алады және халықаралық нетворкинг іс-шараларына қатысады.

Бағдарлама 25–30 елдің нарығына қол жеткізуге мүмкіндік береді және команда тиімділігі мен көшбасшылық дағдыларды дамытатын ерекше тәжірибемен аяқталады.

«Біз IT Park Uzbekistan-ның аталған бағдарламаға қосылғанына ерекше қуаныштымыз. Мұндай мықты экожүйенің қатысуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, Орталық Азиядағы стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бірлесе отырып, біз командаларымыздың жаһандық нарыққа шығуына және әлемдік технологиялық қауымдастыққа интеграциялануына берік негіз қалап отырмыз. Біздің мақсат — стартаптарды тек жергілікті деңгейде қолдау ғана емес, сондай-ақ оларға халықаралық нарыққа шығудың нақты мүмкіндіктерін жасау»,— деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Бағдарламаға қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия елдерінен MVP кезеңіндегі және одан жоғары даму сатысындағы стартаптар шақырылады. Қатысу шарттары: компанияның Қазақстанда немесе Өзбекстанда тіркелген заңды тұлға болуы, ағылшын тілін еркін меңгеруі, АҚШ визасының болуы немесе оны алуға өтінім берілгені туралы құжат.

«Кремний алқабындағы Hero Training — Орталық Азиядан шыққан стартаптар үшін ең қарқынды бағдарламалардың бірі. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестіктің, атап айтқанда Astana Hub пен Draper University арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде қатысушылар Силикон алқабының венчурлік экожүйесіне, халықаралық менторлыққа және жаһандық деңгейде дамуға арналған құралдарға қол жеткізеді. IT Park мұндай стратегиялық одақтың бір бөлігі болғанына қуанышты: аталмыш бағдарламалар өнімдердің жылдам ауқымдануына ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті жаңа буын қалыптастыруға сеп болады», – деп атап өтті IT Park Uzbekistan бас директоры Абдулахад Кучкаров.

Бағдарламаның алғашқы үш легіне өңірден 37 стартап қатысты. Нәтижесінде олар жалпы сомасы 3 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. 2024 жылы отандық BeyimTech командасы Draper University 2024 үздік командасы атанып, 26 елден келген 70 қатысушының арасынан топ жарды.

«Бұл бағдарлама — тек білім алу ғана емес, әлемдегі ең бәсекелі нарыққа жұмсақ әрі нәтижелі қадам жасау. Біз өнімді жаңа нарыққа қалай бейімдеу, инвесторлармен және клиенттермен келіссөз жүргізу, идеяны бәсекелестер арасында ерекшелеп ұсыну жолдарын үйрендік. Кремний алқабының ашықтығы — ерекше әсер қалдырды: табысты кәсіпкерлер өз тәжірибесімен, инсайттарымен, жаңа мүмкіндіктерімен бөлісіп отырды», дейді TrustExam.ai компаниясының бас директоры, бағдарламаның алдыңғы легіне қатысушы Нұралы Сарбақыш.

Қосымша ақпарат пен өтінім беру үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз.

Draper Ecosystem туралы.

Draper Ecosystem — инновациялық экожүйені дамыту үшін таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктіретін бірегей платформа. Draper University негізін қалаушы — АҚШ-тың ең ірі венчурлік инвесторларының бірі Тим Дрейпер.



Hero Training 2025: старт приема заявок на четвертый поток акселератора в Кремниевой долине

Astana Hub совместно с IT Park Uzbekistan объявляют о старте приема заявок на участие в четвертом потоке Hero Training – международной акселерационной программы, реализуемой в партнерстве с Draper University. Программа ориентирована на технологические стартапы, готовые к масштабированию и выходу на глобальные рынки.

Заявки на участие принимаются до 13 августа 2025 года по ссылке.

Hero Training – это пятинедельная интенсивная программа в Кремниевой долине на кампусе Draper University, в которой участвуют около 100 стартапов со всего мира. Участники проходят воркшопы, стратегические сессии, AMA-встречи с инвесторами, менторство от ведущих предпринимателей, а также участвуют в нетворкинг-мероприятиях. Программа предоставляет доступ к рынкам 25–30 стран и завершается «неделей выживания с морскими котиками» – практикой, развивающей устойчивость, лидерство и командную эффективность.

«Мы особенно рады, что к этой программе присоединился IT Park Uzbekistan. Участие такой сильной экосистемы усиливает региональное сотрудничество и открывает новые перспективы для стартапов всего Центральноазиатского региона. Вместе мы создаём прочный фундамент для выхода наших команд на глобальный рынок и интеграции в мировое технологическое сообщество. Для нас важно не просто поддерживать стартапы на локальном уровне, а создавать для них реальные точки входа в международный рынок», – отметил Магжан Мадиев, CEO Astana Hub.

К участию приглашаются стартапы на стадии MVP и выше из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Турции, Монголии, Азербайджана и Грузии. Обязательные условия – наличие юридического лица, зарегистрированного в Казахстане или Узбекистане, высокий уровень английского языка и действующая виза США либо подтверждение подачи заявления на ее получение.

«Hero Training в Кремниевой долине — одна из самых интенсивных программ для стартапов из Центральной Азии. Благодаря партнёрству между Казахстаном и США — в лице Astana Hub и Draper University — участники получают доступ к венчурной экосистеме Силиконовой долины, международному менторству и инструментам глобального роста. IT Park рад быть частью этого стратегического альянса: такие программы не только ускоряют масштабирование продуктов, но и формируют новое поколение фаундеров, готовых конкурировать на глобальном уровне», – подчеркнул Абдулахад Кучкаров, Генеральный директор IT Park Uzbekistan.

За предыдущие три потока участие в программе приняли 37 стартапов из региона. По итогам они суммарно привлекли около $3 миллиона инвестиций. В 2024 году команда из Казахстана BeyimTech заняла первое место, получив титул «Лучшая команда Draper University 2024» среди 70 участников из 26 стран.

«Эта программа – не только обучение, но и отличный soft-landing (плавный выход на новый рынок) в самый конкурентный рынок мира. Теперь мы ясно понимаем, как адаптировать продукт под запросы нового рынка, выстраивать переговоры с инвесторами и клиентами, упаковывать идею так, чтобы она привлекала внимание среди сотен конкурентов. Кремниевая долина поразила своей открытостью: успешные предприниматели делятся инсайтами, взглядами и новыми юзкейсами для нашего продукта. Мы получили ценные идеи и определили перспективные направления развития», – отметил Нурали Сарбакыш, CEO TrustExam.ai, участник предыдущего потока.

Для получения дополнительной информации о Hero Training и подачи заявки на участие перейдите по ссылке.

О Draper Ecosystem

Draper Ecosystem – это уникальный подход к объединению талантов, экспертов и инвесторов за счет предоставления передовых фасилитаторов и беспрецедентной сети наставников, отраслевых экспертов, корпоративных партнеров и инвесторов для поддержки инновационной экосистемы. Основателем Draper University является Тим Дрейпер, крупнейший венчурный инвестор США.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Это возможность

Жауап беру