Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Сурет: TechCrunch
Байқаудың ұйымдастырушысы – Silkroad Innovation Hub, ал негізгі серіктестері – TechCrunch пен Freedom Holding. Ал басты серіктестердің бірі ретінде Astana Hub халықаралық инновациялық кластері танылып отыр.
«Біз үшін бұл халықаралық жобаға қатысу – жай мүмкіндік емес, аймақтық стартаптарды жаһандық нарықтарға шығаруға бағытталған стратегиямыздың қисынды жалғасы. Astana Hub резиденттері қазірдің өзінде шетел нарығымен жұмыс істеп, AlchemistX, Silicon Valley Residency және Hero Training сияқты АҚШ-тың акселерациялық бағдарламаларына қатысып келеді. Қатысушыларымыздың жылдық жиынтық табысы бүгінде $1,5 миллиардтан асады. Бұл экожүйенің жетілгенін және масштабтауға толық дайын екенін көрсетеді. Road to Battlefield – келесі маңызды қадам: бұл бастама стартаптарға венчурлік капиталға, халықаралық серіктестерге және әлемдегі ең ықпалды стартап платформаларының біріне тікелей жол ашады», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Ұлттық іріктеу кезеңі 21 шілдеде басталып, 15 тамызда өңірлік финалмен аяқталады. Жеңімпаздарға TechCrunch Disrupt конференциясына қатысуға толық қолдау көрсетіледі: екі қатысушыға ұшақ билеттері мен тұру шығындары, сондай-ақ инвесторлармен және медиа өкілдерімен байланыс орнату мүмкіндіктері.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 15 шілдеге дейін сілтеме арқылы жалғасады.
Толық мақаланы TechCrunch.com сайтынан оқи аласыз.