Ресей мен Беларусь елдерінен келген шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанда өз инновациялық жобаларын қалай жасайды?

Astana Hub YouTube-арнасында Hub Talks подкасттар сериясы іске қосылды. Технопарк ай сайын әлемдік трендтер туралы сарапшылық пікірлерімен бөлісетін қызықты қонақтарды шақырады.


Hub Talks жаңа шығарылымында Қазақстанда IT-бизнесін ашып, біздің елге көшіп келген ресейлік және белорустық IT-кәсіпкерлерді шақырдық:

- Артем Лагуновский, Aloteq Qazaq

- Сергей Садков, Arnion.kz интернет-кәсіптер мектебі

- Петр Неустроев, Cybionyx Inc.

Подкаст қонақтары Қазақстанда ІТ-компания ашу тәжірибесімен бөлісіп, технопаркқа қалай тіркелгенін және елорда мен нарықтан алған әсерлері жайлы айтып берді.

«Біз Astana Hub-қа Мағжан Мәдиевпен кездесуге келдік. Әуежайдан шығып, жаңа ғимараттарды көргенде мен Норвегияда жүргендей болдым. Ал біз Astana Hub-қа келгенімізде, Кремний алқабына келгендей болдық. Бұл - өте керемет тәжірибе. Шынымды айтсам, көзім бажырайып кетті... Бізді өте жақсы қарсы алып, жылы қабақ танытты», - деді Беларусьтен көшіп келген Aloteq Qazaq бас директоры Артем Лагуновский.

«Алғашқы күні мен Digital Bridge 2022 форумына бардым. Мен елдегі IT өмірді көруім қажет екенін түсіндім және цифрландырудың жоғары деңгейі мен онлайн білім берудің дамуы мені таң қалдырды. Өзім де осы саланың өкілі болғандықтан, саланың жігіттерімен әңгімелесу, байланыс орнату өте маңызды еді. Нетворкинг бірден басталды, мен inDrive-тегі Арсен Томскийдің баяндамасын тыңдап, керемет атмосфераға тап болдым», - деді Сергей Садков, Arnion.kz интернет-кәсіптер мектебінің өкілі.

Подкасттың толық нұсқасын Astana Hub YouTube-арнасында сілтеме бойынша қараңыз, сонымен қатар жаңа шығарылымдарды өткізіп алмау үшін арнамызға жазылыңыз.

Қазақстанда IT-бизнес ашқыңыз келсе, 2222 бірыңғай нөміріне хабарласыңыз.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін