Қазақстан IT-мамандарын қалай тартып жатыр?

Қазақстанда шетелдік IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Digital Nomad Residency бағдарламасы іске қосылды.


24KZ телеарнасының тікелей эфирінде Astana Hub Қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Талғат Маратов Digital Nomad Residency бағдарламасы туралы айтып, оған қандай мамандар үміткер бола алатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, бағдарлама шетелдік IT-мамандары мен цифрлық көшпенділерге Қазақстанда заңды түрде тұрып, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте олар шетелдік компаниялармен еңбек қатынастарын сақтап, жергілікті IT компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігін де пайдалана алады.

«Бұл — Қазақстанның IT саласына халықаралық таланттарды тарту және қашықтан жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі. Визаға ақпараттық технологиялар сәулетшісі, бағдарламалық жасақтама әзірлеуші, бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман, жасанды интеллект саласының маманы және елімізге қажетті басқа да сұранысқа ие мамандық иелері үміткер бола алады», — деді ол.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты 24KZ YouTube арнасынан біле аласыздар.

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

The Best Hackers In The World Contact Lost Recovery Master My name is Roland. Here's my recommendation: One of the best hackers out there is Lost Recovery Masters. They can fix your low credit scores, Recover Your Lost or stolen cryptocurrency, spy on your spouses to know if they are cheating, clear bad criminal records (database)…… Just name it any kind of hack you can think of. They can break the code and get it done, they are reliable, trustworthy and they deliver right on time, the job they carried out for me was perfectly done and the best part of it all is your secrets are safe. Contact Lost Recovery Masters Website ( https:// lostrecoverymasters. c om ) whatsapp +447537105921 Email ( Support @ lostrecoverymasters. com )

Жауап беру

Мықты👍🏻

Жауап беру

қызықты тәжірибе

Жауап беру