Қытай нарығындағы қазақстандық стартаптар: перспективалық келісімдер
Astana Hub халықаралық технопаркі және оның төрт стартап-резиденті 2024 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Global Digital Trade Expo халықаралық көрмесінде Қазақстанды таныстырды.
Қазақстаннан көрмеге 20 компания қатысты, олардың қатарында болған Орталық Азиядағы ең ірі IT-технопарк Astana Hub және оның резиденттері өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынды:
- ApartX – жылжымайтын мүлікті тәуліктік жалға алуды басқаруға арналған мобильді қосымша, ол ақылды құлыптар арқылы объектілерді қашықтықтан бақылауға және брондауды Airbnb және Booking платформалары арқылы автоматтандыруға мүмкіндік береді.
- Смарт Заправка – автокөліктерді жанармаймен толтыру процесін жеңілдететін электрондық қызмет, ол корпоративтік клиенттерге жанармай шығыстарын бақылауға тиімді құралдар ұсына отырып, шығындардың алдын алады.
- JasWallet жобасымен Jasaim Blockchain – қаржылық транзакцияларды қауіпсіз және сенімді жүзеге асыруға көмектесетін бизнеске арналған криптоәмиян.
- ZIZ INC – жоғары жүктемелі ақпараттық жүйелерді әзірлеумен айналысатын және бизнеске арналған жеке IT-шешімдер ұсынатын IT-компания.
Қазақстандық стартаптардың әзірлемелері халықаралық көрме қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Мысалы, қазақстандық блокчейн-компания Jasaim Blockchain Гонконгтағы AI-Powered Financial Technologies (AIFT) зертханасымен блокчейн, Web3 және финтех саласындағы озық технологияларды Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде енгізу үшін стратегиялық серіктестік орнатты. Бұл ынтымақтастық қаржы, білім беру және активтерді басқару секторларындағы цифрлық трансформация үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ халықаралық экспансияны қолдайды.
«AIFT-мен ынтымақтастығымыз eDiplomas жобамызды халықаралық нарықтарға, соның ішінде Гонконгте оқитын қазақстандық студенттер үшін шығаруға бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар біз цифрлық активтерді басқаруға арналған блокчейн және финтех-шешімдерін біріктіретін JasWallet жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жобаны Гонконгте іске қосып, Орталық Азия нарығына шығу жолында AIFT-дің қолдауына сенеміз», – деді Jasaim Blockchain негізін қалаушысы Сырым Серіков.
ApartX стартабы Қытайдың WELOCK компаниясымен «airEkey Hotel Self Check-In» жобасы аясында стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесінде ApartX халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігіне ие болып, серіктестің 35 елдегі клиенттеріне, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа Одағы елдеріне, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына, атап айтқанда, Тайланд, Малайзия және Индонезия елдеріне қол жеткізді.
«Қытайда іске қосылып, WELOCK компаниясымен ынтымақтастық құру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл біз үшін жылжымайтын мүлікті жалға беру саласындағы ең ірі нарықтардың бірінде үлкен перспективалар ашады, сондай-ақ халықаралық деңгейге шығуға көмектеседі», – деді ApartX негізін қалаушысы Қанат Келдібеков.
«Цифрлық сауда, жаһандық қолжетімділік» ұранымен өткен Global Digital Trade Expo-ға 32 ел мен аймақтан 1500-ден астам компания, сондай-ақ 30 000-нан астам кәсіби сатып алушы, олардың ішінде 6000-нан астам шетелдік қатысушы қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған министрліктің өкілдері болды, бұл Қазақстанның жаһандық цифрлық аренадағы маңызды ойыншы ретіндегі әлеуетін және әлемдік экономикаға инновациялық технологияларды белсенді енгізуге дайындығын көрсетті.
Пікірлер 9
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:12
👍
Laura Meir · Қаз. 22, 2024 14:08
👌👌👍👍
Мансур А · Қаз. 3, 2024 22:17
👍
Lain Iwakura · Қаз. 3, 2024 14:09
👌👌👍👍
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 2, 2024 16:25
Классно, что о нас все чаще слышат за границей 🤩
Мирас Нуркенов · Қаз. 2, 2024 15:53
🤚🤚
Мирас Нуркенов · Қаз. 2, 2024 15:51
👍👍👍🤚
Наталья Агишева · Қаз. 2, 2024 08:32
👍👍👍👍👍👍👍
Ilias Zholaman · Қаз. 1, 2024 11:57
Круто молодцы!