1–3 қазан күндері Астана әлемдік технология индустриясының орталығына айналады. AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық компания көшбасшыларының, инвесторлар мен кәсіпкерлердің, әзірлеушілер мен стартаптардың, сондай-ақ мемлекет өкілдерінің басын бір алаңда біріктіреді. Форумның басты тақырыбы — Kazakhstan is the Eurasian AI Hub.
Шараға қатысатын спикерлер арасында NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян, Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, Sinovation Ventures пен 01.AI негізін қалаушы Кай-Фу Ли, E-Space негізін қалаушы әрі CEO-сы Грег Уайлер, General Atlantic төрағасы әрі CEO-сы Уильям Билл Форд, Higgsfield AI қосалқы негізін қалаушысы әрі техниологиялық директоры (CTO) Дулат Ерзат және әлемдік технология саласының өзге де өкілдері бар.
Десе де, Kazakhstan is the Eurasian AI Hub — тек форумның тақырыбы ғана емес. Бұл тұжырым ауқымды үдерісті айшықтайды: Қазақстан инфрақұрылым, AI-әзірлемелер, дарындар, технологиялық кәсіпкерлік, инвестициялар мен халықаралық серіктестіктер біртұтас экожүйеге бірігетін ортаны қалыптастырып келеді.
Бүгінде жасанды интеллект жаңа экономикалық инфрақұрылымға айналып келеді. Бәсеке тек жекелеген нұсқалар мен өнімдер төңірегінде ғана жүріп жатқан жоқ. Қазір есептеу қуаты, деректер, мамандар, капитал және технологияны нақты экономикада жұмыс істейтін шешімдерге айналдыру қабілеті шешуші рөл атқарады.
AI-экономикасының негізінде тұтас технологиялық тізбек жатыр: энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылым → есептеу қуаттары мен чиптер → бұлтты технологиялар → деректер мен тілдік модельдер → қолданбалы шешімдер.
Қазақстан базалық инфрақұрылым мен есептеу ресурстарынан бастап деректерге, модельдерге және жасанды интеллектті іс жүзінде қолдануға дейінгі тізбектің барлық деңгейін жүйелі түрде дамытып келеді.
Келесі қадам жасанды интеллект мүмкіндігін өнеркәсіп, энергетика, қаржы, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және креативті индустриялар сияқты нақты секторларда қолдану. Аталмыш салалар үшін жасанды интеллект қазірдің өзінде жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.
Сондықтан бүгінгі басты мәселе — қандай AI-технологиялардың бар екенінде ғана емес, олардың қандай экономикалық нәтиже бере алатынында: өнімділікті арттыру, процестерді өзгерту, жаңа өнімдер жасау және жаңа нарықтар ашу.
AI-экожүйесін дамыту бір алаңмен ғана шектелмейді. AI & Digital Bridge 2026 төңірегінде ауқымды технологиялық күн тәртібі қалыптасуда, ал оның ажырамас бөлігіне айналған AI MONTH — бір ай бойы бүкіл Қазақстан бойынша өтетін бастамалар мен іс-шаралар бағдарламасы.
Ол жаңа AI-дағдыларын енді меңгеріп жүргендерден бастап, төл технологиялық өнімдерін ұсынатын командаларға дейінгі әзірлеушілердің, технологиялық компаниялардың, стартаптардың, бизнестің, студенттер мен кәсіби қауымдастықтарды біріктіреді.
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub тұжырымдамасы үшін дәл осындай кең ауқым аса маңызды: жасанды интеллект тек инфрақұрылым мен ауқымды халықаралық жобалар арқылы ғана емес, бүкіл ел бойынша технологияларды жасап, іске асыратын адамдар мен қоғамдастықтар арқылы қарқын алады.
Жасанды интеллектті дамыту үшін тек есептеу қуаттары ғана емес, технологияларды өнімге айналдыра алатын мамандар да қажет.
Қазақстан AI-құзыреттерді арттыру, кадрлар даярлау, білім беру мен технологиялық индустрияның өзара байланысын нығайту және халықаралық сараптама алмасу жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.
Келесі маңызды қадам — технологиялық кәсіпкерлік. Басты міндет — командаларға өнімді әзірлеуден бастап инвестиция тартып, оны ірілендіруге және халықаралық нарыққа шығуға дейінгі жолдан өтуге мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастыру.
Бұл жерде Astana Hub басты рөл атқарады, ол стартаптарды, инвесторларды, акселераторларды, ірі компаниялар мен халықаралық серіктестерді бір алаңға жинайды. Осылайша дарындар → технологиялар → өнімдер → капитал → жаһандық нарықтар арасындағы тығыз байланыс қалыптасады.
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub тұжырымдамасының тағы бір маңызды құрамдас бөлігі — халықаралық технологиялық ынтымақтастық. Қазақстан жаһандық технологиялық компаниялармен, инвесторлармен, университеттермен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және кәсіпкерлермен байланысты дамытып, бірлескен технологиялық бастамалар мен R&D-ден бастап тәжірибе алмасуға және жаңа әзірлемелерді нарыққа шығаруға дейінгі бағыттарды қамтиды.
Бұл үлгіде Eurasian AI Hub — бұл технологияларды, дарындарды, капиталды және нарықтарды тоғыстыратын орта.
Trusted Kazakhstan: технологиялар сенімнен басталады
Халықаралық технологиялық ынтымақтастық үшін тек инфрақұрылым мен капитал ғана маңызды емес. Сенім де кем түспейтін маңызды фактор болып табылады.
Trusted Kazakhstan тұжырымдамасы Kazakhstan is the Eurasian AI Hub концепциясын толықтырады әрі халықаралық компаниялар, инвесторлар, кәсіпкерлер мен дарынды мамандар үшін сенімді, ашық әрі болжамды орта қалыптастыруға деген елдің ұмтылысын көрсетеді.
Жасанды интеллект дәуірінде сенім мәселесі деректер қауіпсіздігімен, ашықтықпен, технологияларды жауапкершілікпен қолданумен және заманауи реттеуші ортамен тікелей байланысты. Сондықтан жасанды интеллектті дамыту — бұл бір мезгілде технологиялардың, экономиканың және олар дамитын орта сапасының мәселесі болып табылады.
Осы бағыттардың барлығы AI & Digital Bridge 2026 алаңында тоғысады.
Форум халықаралық технологиялық индустрияның, мемлекеттің, инвесторлардың, кәсіпкерлердің, стартаптардың, зерттеушілер мен әзірлеушілердің басын қосады. Іс-шара бағдарламасы жасанды интеллект пен деректерге, инвестицияларға, адам капиталына, халықаралық ынтымақтастыққа, технологиялық кәсіпкерлікке және жаңа технологияларды іс жүзінде енгізуге арналады.
1 қазанда мемлекеттік және халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшыларының қатысуымен жабық форматтағы арнайы бағдарлама жоспарланған. Ал 2–3 қазан күндері билет иелерінің барлығына форум өз есігін айқара ашады.
AI & Digital Bridge 2026 — Қазақстанның аталған экожүйені әлемдік технологиялық қауымдастыққа паш ететін, сондай-ақ жаңа технологиялар, инвестициялар мен халықаралық серіктестіктер төңірегіндегі диалогты әрі қарай жалғастыратын басты алаңы болмақ.
Форумның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.
AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалатын барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен жабылады. Алтын серіктестер — Freedom Банк, Kaspi.kz және «Самрук-Қазына» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Transformation Partner — Beeline Казахстан. Digital Partner — BI Group. Official Airline Partner — Air Astana.