— Асқар, неге кезінде репетитор болуды таңдадыңыз? Білім беру саласы несімен қызықтырды?
— Мектепте жүргенде математикадан республикалық, халықаралық олимпиадаларға жиі қатыстым. Жалпы саны 50-ден астам сайысқа қатысыппын, оның 40 шақтысында жүлделі орын алдым. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курсында-ақ сабақ беріп ақша таба бастадым, мектеп оқушыларына математиканы үйреттім.
Алматы мен Астанада мықты мамандар көп, бірақ жасөспірімдерге өзімен шамалас жастағы адаммен оқу қызығырақ болатын. Кейінірек ауыл оқушылары да математиканы жаңа қырынан тануы үшін Алматы облысының ауылдарына да бара бастадым.
Университетте Айбек Қуатбаевпен таныстым: біз бір мамандықта оқыдық, түрлі жобаларда жолымыз түйісіп тұрды. 2017 жылы көбірек араласа бастадық, бизнеске деген көзқарасымыз бен құндылықтарымыз сәйкес келетінін түсіндік. Сол уақытта мен жылына мыңға жуық оқушыны оқытып жүр едім. Өз мектебімді ашқым келетінін айттым. Айбек: «Неге тек бір мектеп? Бүкіл Қазақстанды оқытқың келмей ме?» деді. Осылайша үлкен онлайн-жобаны ойластыра бастадық. Бір жыл бойы позициясын, ауқымын, бизнес-моделін талқыладық.
Кейін мен Литваның Каунас қаласына MBA-бағдарламасын оқуға кетіп, Алматыға оралған соң Daryn Online-ды іске қосуға бел будық. Жоба оқушылар арасында тез сұранысқа ие болды. Бүгінде біздің MRR (ай сайынғы тұрақты табыс) $500 мыңға жетті.
— Daryn Online-ның басты ерекшелігі неде?
— Негізгі бағыт — мектеп түлектерін қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындау. Менторлар оқушылардың жетістіктерін бақылап, ата-аналармен байланыста болады. Мұғалімдер онлайн сабақ береді, ал балалар уақытылы сынақ тапсырып, білім деңгейін тексереді.
Біз BNPL-модель бойынша жұмыс істейміз (Buy Now, Pay Later — қызметті немесе өнімді толық алып, төлемді бөліп жасау әдісі). Бағыттарды үш блокқа бөлуге болады:
1-4 сынып — онлайн-қосымша сабақ, балаларға үй тапсырмасын орындауға көмектесеміз;
5-6 сынып — БИЛ мен НЗМ сияқты мамандандырылған мектептерге түсуге дайындық;
9-11 сынып — қазақстандық және шетелдік ЖОО-ларға түсуге дайындық.
Daryn Online экожүйесі аясында қосымша өнімдер де іске қостық. Мысалы, курстар сатылатын Educenter платформасы, Ordagen балабақшалар желісі, мұғалімдерге арналған Daryn Teacher курстары. Биыл мамыр айында офлайн-балабақшаларды 100 млн теңгеден асатын сомаға саттық. Бірақ тәрбиешілерді даярлау бағдарламасы әлі қалды.