Қазақстандық жас стартапер Google мен OpenAI-дан $200 мың алдыҚазақстандық жас стартапер Google мен OpenAI-дан $200 мың алды
Дамир Ысқақов 18 жаста. Мектеп кезінен-ақ технологияға әуестеніп, жоғары сыныпта алғашқы стартап – білім беру ұйымдарын таңдауға арналған платформа құрды. Біраз уақыттан кейін бұл сервис жабылды. Ал биыл наурызда Дамир жаңа өнім – Vetra AI жобасын іске қосты. Бұл – хабарламаларды, файлдарды және дауыстық жазбаларды автоматты түрде тапсырмаға, кездесуге және ескертпеге айналдырып, күнтізбемен синхрондайтын жасанды интеллект негізіндегі көмекші. Жақында жоба Google, OpenAI және Cloudflare компанияларынан жалпы құны $200 мыңнан астам грантқа ие болды.Дамир Ысқақов 18 жаста. Мектеп кезінен-ақ технологияға әуестеніп, жоғары сыныпта алғашқы стартап – білім беру ұйымдарын таңдауға арналған платформа құрды. Біраз уақыттан кейін бұл сервис жабылды. Ал биыл наурызда Дамир жаңа өнім – Vetra AI жобасын іске қосты. Бұл – хабарламаларды, файлдарды және дауыстық жазбаларды автоматты түрде тапсырмаға, кездесуге және ескертпеге айналдырып, күнтізбемен синхрондайтын жасанды интеллект негізіндегі көмекші. Жақында жоба Google, OpenAI және Cloudflare компанияларынан жалпы құны $200 мыңнан астам грантқа ие болды.
Digital Business пен Astana Hub-тың бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында Дамир Vetra AI идеясы қалай пайда болғанын, алғашқы нұсқаны жүзеге асыруға қанша уақыт кеткенін және команда қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Сондай-ақ ірі корпорациялардан грант алу процесі және жоба алдағы бір жылда қалай дамитыны жайлы бөлісті.