Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Делегацияны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев бастап барады. Бағдарлама шеңберінде пленарлық сессияларға қатысу, Қытай компанияларымен B2B-кездесулер өткізу, жаңа әріптестік байланыстар орнату, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық технологиялық экожүйенің өкілдігі – Khan-Tengri Innovation Hub-тың салтанатты ашылуы жоспарланған.
WAIC – жасанды интеллект саласындағы ең беделді іс-шаралардың бірі. Конференция әлемнің жетекші ғалымдары, кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкерлері, инвесторлар мен стартап-командалардың басын қосады. Биылғы форум өзінің ауқымын кеңейтіп, жаһандық бастамаларды талқылауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналмақ.
Astana Hub отандық стартаптар мен ІТ-компанияларды ресми делегацияның құрамына қосылуға шақырады. Төменде көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс істейтін қатысушыларға басымдық беріледі:
- Логистика (цифрлық және дәстүрлі шешімдер)
- Киберқауіпсіздік
- Бұлтты технологиялар
- Робототехника
- Цифрлық медицина
- Видеоаналитика және жасанды интеллект
Өтінімдер 20 шілдеге дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.
Қазақстанның технологиялық әлеуетін халықаралық аренада танытып, Қытай нарығына шығу мақсатында берілетін мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!