Astana Hub қатысушысы, қазақстандық тәуелсіз Rhinotales студиясы Critical Shift тактикалық рөлдік ойынының алғашқы көпшілікке арналған сынақ нұсқасын жарыққа шығарды. Бұл ойын кезекке негізделген командалық шайқастар мен аймақтарды нақты уақыт режимінде зерттеуді өзара ұштастырады. Ойнау уақыты шамамен екі сағатқа созылатын бұл нұсқа 14 қыркүйектен бастап Steam платформасында қолжетімді.
Сынақ нұсқасының жарық көруі Party-Based RPG Fest фестиваліне орайластырылған. Ойыншылар Антарктида мұздықтарының қалың қабаты астында жасырылған ICE-1 құпия ғылыми кешенін зерттеуі тиіс. Станция апат туралы дабыл қаққаннан кейін мүлдем байланыссыз қалған. Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы кешен қызметкерлерінің паразиттік ұжымдық сананың шырмауына түскенін анықтайды. Оған қоса, қорғаныс жүйелерінің өзі қауіп төндіріп, ал ондағы тәжірибелердің салдарынан түрлі аномалиялар мен кеңістік-уақыт парадокстары пайда болғаны белгілі болады.
Сынақ нұсқасымен бір мезгілде Rhinotales кейіпкерлерді, ұрыс жүйесін және ICE-1 кешеніндегі қауіп-қатерлерді паш ететін жаңа трейлерін жариялады.
Critical Shift — Қазақстанда жасалып жатқан ең ауқымды ойын жобаларының бірі. Ойынды әзірлеумен 35 маманнан құралған топ алты жылдан бері айналысып келеді. Жобаның негізгі нарықтары ретінде Солтүстік Америка, Еуропа, Қытай және ТМД елдері көзделіп отыр. Ойын мәтінін 11 тілге бейімдеу жоспарланған, ал толық дыбыстамасы ағылшын, қытай және орыс тілдерінде қолжетімді болмақ.
«Көпшілікке арналған сынақ нұсқасының жарық көруі — командамыздың Critical Shift жобасындағы алты жылдық еңбегінің маңызды белесі. Біздің басты мақсатымыз — тактикалық шайқастар, аймақтарды кезу және ғылыми-фантастикалық триллер атмосферасы үйлесім тапқан ауқымды сюжетке құрылған ойын жасап шығару еді. Енді ойыншылар алғаш рет ICE-1 әлеміне өздері еніп, кейіпкерлермен танысып, жобаның негізгі механикасын бағалай алады. Олардың пікір-ұсыныстары бізге ойынның толық нұсқасын бұдан да мазмұнды әрі қызықты етуге көмектеседі», — деп атап өтті Rhinotales студиясының тең құрылтайшысы Артём Слесаренко.
Ойын барысы топты басқаруға, қару-жарақты дұрыс таңдауға және шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалануға негізделген. Ойыннан өту үшін геймерлер түрлі тактикалық тәсілдерге жүгіне алады: шу шығарып жаудың назарын басқа жаққа бұру, оларды тұзаққа алдап түсіру және қоршаған ортаның ерекшеліктерін өз пайдасына жарату.
Сынақ нұсқасында ICE-1 кешенінің үш секторы қолжетімді: жер беті, әкімшілік бөлмелер және қойма. Сондай-ақ, ойыншылар он бір оперативниктің алтауымен таныса алады. Олардың әрқайсысының өзіндік қабілеттері, мінез-құлқы және топ ішінде атқаратын өз рөлі бар.
Critical Shift сюжеті — мистикамен астарласқан сан қатпарлы ғылыми-фантастикалық оқиға. Оны жазуға танымал Shadow Slave веб-романының авторы Guiltythree атсалысты. Ойын барысында геймерлер ICE-1 кешеніндегі апаттың себептерін анықтап, одақтастары мен дұшпандары туралы көзқарасын күрт өзгертетін оқиғалармен бетпе-бет келеді.
Ойынның толық нұсқасында 40 сағаттан астам геймплей, қолмен жасалған 30-дан астам деңгей, 11 кейіпкер, сондай-ақ персонаждарды дамыту және қару-жарақты жаңарту жүйесі қарастырылған. Оған қоса, ойын барысында түрлі фракциялар мен неше түрлі жаулар кездеседі.
Critical Shift ойынының дербес компьютерлерге (ДК) арналған релизі 2027 жылға жоспарланған. Алдағы уақытта студия ойынды Sony PlayStation, Microsoft Xbox және Nintendo Switch консольдеріне де шығаруды көздеп отыр.