Биыл бағдарламаға қатысу үшін 61 өтінім түсті. Іріктеу нәтижесінде сарапшылар алқасы ең перспективалы алты жобаны таңдап алып, олар Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University базасында бес апталық қарқынды акселерациядан өтті.
Бағдарлама қатысушылары:
- Pulsar – бірнеше секунд ішінде автокөліктің толық техникалық аудитін жүргізетін DeepTech компьютерлік көру жүйесі.
- ibirAi – мессенджерлердегі микро-сабақтар арқылы үздіксіз корпоративтік оқытуды қамтамасыз ететін AI-платформа.
- AR SANA – балалардың сөйлеу терапиясын ауқымдауға арналған AI-платформа.
- Beauty AI – «диагностика – шешім – нәтиже» қағидаты бойынша деректерді табысқа айналдыратын AI-басқарушы.
- VoiceClinic – көптілді елдердегі табиғи сөйлеуге бейімделіп оқытылған клиникаларға арналған жаңа буын дауыстық AI-агент.
- Barion AI – бизнес деректерін қызметкерлердің міндеттерін орындай алатын дербестендірілген AI-агенттерге айналдыратын платформа.
“Hero Training бағдарламасы Astana Hub-тың негізгі халықаралық бастамаларының бірі болып қала береді. Ол Орталық Еуразия стартаптарына Кремний алқабының сараптамалық тәжірибесіне, халықаралық инвесторларға және жаһандық нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның бес легіне 47 технологиялық компания қатысып, түлектер тартқан инвестициялардың жалпы көлемі 3,3 миллион АҚШ долларынан асты. Бағдарлама жетекші кәсіпкерлер мен инвесторлардан тәжірибелік білім алып қана қоймай, Кремний алқабының мәдениетін тереңірек түсінуге, әлемдегі ең дамыған технологиялық нарықтардың бірінің жұмыс ерекшеліктерін меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе командаларға өз өнімдерін жаһандық аудиторияға бейімдеуді жеделдетуге және халықаралық нарықтарда тиімдірек дамуға көмектеседі”, – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Бесінші лек аясында қазақстандық VoiceClinic және AR SANA жобалары ерекше жетістікке жетті. Стартаптардың негізін қалаушы қыздар бағдарламаның жеңімпаз командасының құрамына еніп, соның нәтижесінде олардың есімдері Draper University оқу орнының Wall of Champions құрмет тақтасына енгізілді. Бұл жетістік жобаларға 70-тен астам елді қамтитын Draper Venture Network жаһандық желісіне тікелей қол жеткізуге, DraperX жабық бірлескен инвестициялау жүйесіне қатысуға, сондай-ақ Draper экожүйесіндегі венчурлік қорлармен басымдық негізінде өзара әрекеттесу мүмкіндігіне жол ашады.
«Hero Training бағдарламасына қатысу біз үшін дамудың маңызды кезеңі болды. Astana Hub пен Silkroad Innovation Hub ұсынған мүмкіндік пен инфрақұрылымдық қолдаудың арқасында біз тек құнды білім мен халықаралық деңгейдегі мойындауға қол жеткізіп қана қоймай, Қазақстанға жеңіс, Америкадағы берік іскерлік байланыстар және әлемдегі ең қуатты венчурлік экожүйелердің біріне тікелей қолжетімділік алып келдік. Әсіресе халықаралық инвесторлардың біздің өңірдегі стартаптарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көру өте маңызды. Жинақталған тәжірибе мен қалыптасқан байланыстар желісі VoiceClinic-тің сапалы өсуін жалғастыруға және қазақстандық технологиялардың жаһандық нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталады», – деді VoiceClinic компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Акерке Татишева.
Бағдарлама аясында стартаптар Кремний алқабының кәсіпкерлерімен, инвесторларымен және салалық сарапшыларымен жұмыс істеді, бизнесті дамыту, инвестиция тарту, АҚШ нарығына шығу стратегиясын қалыптастыру және тұрақты бизнес-модельдерді құру бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті. Сондай-ақ қатысушылар қорытынды Demo Day іс-шарасында өз жобаларын халықаралық инвестициялық қауымдастыққа таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Hero Training – танымал америкалық венчурлік инвестор Тим Дрейпер негізін қалаған халықаралық акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама дайын өнімі бар және халықаралық деңгейде ауқымын кеңейту әлеуетіне ие стартаптарға бағытталған. Қатысу барысында командалар Кремний алқабының экожүйесінде жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін жинақтап, халықаралық менторлық қолдауға және жаһандық нарықтарға шығуға арналған құралдарға қол жеткізеді.
Hero Training эксклюзивті акселерациялық бағдарламасы туралы, сондай-ақ оның бірінші, екінші, үшінші және төртінші легінің қатысушылары жөнінде толығырақ ақпаратты Astana Hub платформасынан білуге болады.
Анықтама:
Draper Ecosystem – инновациялық экожүйені дамыту мақсатында таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктіретін бірегей платформа. Ол менторлар, салалық сарапшылар, корпоративтік серіктестер және инвесторлардың кең желісі арқылы стартаптарға қолдау көрсетеді. Draper University университетінің негізін қалаушы – АҚШ-тағы ең танымал венчурлік инвесторлардың бірі Тим Дрейпер.