Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Бүгін біз даму жолындағы маңызды кезеңді жариялаймыз: SHAI жобасына 5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды.
Бұл инвестиция — белгілі кәсіпкер Руслан Әділбаевтың жасанды интеллект болашағына деген сенімінің айқын дәлелі. Бұған дейін ол SHAI-ға 1 миллион доллар қаржы салған еді, ал қазір қолдауын кеңейтіп, жалпы инвестиция көлемін 6 миллион долларға жеткізді.
Айта кету керек, бұл қаражат тек бір жобаға ғана емес, SHAI экожүйесінің барлық бағытына арналады. Жаңа қаржыландыру компанияның өсуіне берік негіз қаламақ.
Инвестиция төмендегідей мақсаттарға жұмсалады:
• жаһандық ауқымды кеңейту,
• мықты командалар құру және жаңа R&D орталықтарын ашу,
• инновациялық өнімдер жасап шығару және қолданыстағы шешімдерді жетілдіру,
• технологиялық базаны нығайтып, болашаққа арналған өнімдер дайындау.
Бұл қадам біздің басты мақсатымызды айқындай түседі: бизнеске жылдам, ақылды әрі тиімді жұмыс істеуге көмектесетін интеллектуалды шешімдер жасау.
SHAI алға жылжуда — жаңа нарықтарға, жаңа серіктестіктерге және ауқымды жобаларға қарай. Бұл жолда Қазақстан компания бренді дамуының негізгі орталығы болып қала бермек.
Толығырақ DigitalBusiness.kz сайтында.