8 қазанда Kolesa Conf 2022 IT-конференциясы өтеді

Kolesa Conf — әзірлеушілер, data-мамандар, QA-инженерлер, менеджерлер, стартаперлер және IT-қауымдастығының басқа да өкілдері үшін жыл сайынғы конференция.


Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 4 бағыт: Data Science, Management, Web және Mobile. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff, Dodo Brands, Percona, Arbuz / Pinemelon, Aviasales, Yandex, Karpov.Courses, 1fit, Kaspi, Beeline Казахстан, Tele2, BTS Education, Technodom, JMart, Jusan Bank, СберМаркет, Magnum және т.б. компаниялардың сарапшылары 9-10 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Кез келген қызықтырған бағытты, спикерді, баяндаманы емін-еркін тыңдауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 15 006 қатысушы тамашалады.

Kolesa Conf конференциясына қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін