Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub жеке-меншік IT-мектептерге мамандар даярлау үшін 3 мыңға дейін ваучер бөледі
1 қыркүйекте қазақстандық мамандарды даярлау үшін жеке меншік IT-мектептерден 3 мың ваучер алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі іске қосқан Tech Orda ІТ-мамандықтарын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде мүмкін болады.
Tech Orda бағдарламасы Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін кемінде 100 мың білікті IT-кадр дайындау міндеті қойылған ҚР Президентінің 2021 жылғы Жолдауын орындау шеңберінде іске асырылуда.
Tech Orda бағдарламасы алғашқы легінің қорытындысы бойынша 2021 жылы 13 жеке IT-мектеп қаржыландырылып, 100 студентті оқудан өтті. Әр студентке қаржыландыру сомасы 600 мың теңгені құрады.
Биыл IT-мамандықтарды оқыту үшін осындай соманы 3 мың қазақстандық ала алады. 2025 жылға дейін Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мектептерде 20 мың студентті оқыту жоспарлануда.
"Tech Orda бағдарламасының арқасында қазақстандықтардың жеке бағдарламалау мектептерінде сапалы тегін IT-білім алуға бірегей мүмкіндігі бар. Бізге IT-таланттарды дамытып, қазақстандық инновациялар секторын күшейту қажет. Елімізге креативті, ынталы мамандар қажет. Бағдарламаны іске асыру болашақта сапалы жобалар түрінде мультипликативті әсер етеді", - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Бағдарламаға қатысу үшін IT-мектептер:
- АКТ саласындағы басым қызмет түрлері тізбесінің 17-тармағына сәйкес Astana Hub қатысушысы болу. Мәртебе IT-мектепке салықтан босатуды және басқа да бірқатар артықшылықтарды ұсынады.
- Мектептер мен курстарды аккредиттеу процесін тәуелсіз комиссия арқылы өту, бұл ретте курстың ұзақтығы 6 айдан астам, ҚР 18-45 жас аралығындағы азаматтарын оқыту негізгі өлшемшарттар болып табылады.
- Аккредиттеу қорытындысы бойынша IT мамандықтары бойынша оқуға ниет білдірген студенттерді өз бетінше қабылдау жүзеге асырылады.
Tech Orda бағдарламасына қатысу бойынша қосымша ақпаратпен технопарктің ресми сайтында танысуға болады https://astanahub.com/l/TechOrda.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін