Astana Hub-тан 10 млн алдық. Енді не болады?

Hub Talks подкастының «Astana Hub-тан 10 млн алдық. Енді не болады?» атты 20-шығарылымында қазақстандық Set24 пен Livin.kz стартаптарының негізін қалаушылар өз жобалары, акселерациялық бағдарламалардағы тәжірибелері мен инвестиция тарту стратегияларын айтып берді.


Эфир қонақтары:

  • Айдар Паржанов, Set24 негізін қалаушы — ақылды микромаркеттерді нақты уақыт режимінде басқаруға арналған бұлтты платформа;
  • Ержан Амирханов, Livin.kz негізін қалаушы — тұрғын үйді жалға алу процесін жеңіл, ыңғайлы әрі ашық ететін онлайн-сервис;
  • Анарбек Өтегұлов, Astana Hub қаржыландыру бағдарламалары кеңсесінің директоры.

Спикерлер стартаптардың алдында тұрған қиындықтарды, сондай-ақ болашақ жоспарларын талқылады. Эпизод соңында қонақтарды күтпеген сұрақтар қойылатын блиц-сауалнама күтіп тұрды.

Бағдарлама барысында Astana Hub ұсынатын Seed Money қаржыландыру бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бұл — IT-стартаптарға өз жобаларын дамытуға қаражат алуға мүмкіндік беретін Revenue Share моделіндегі қолдау бағдарламасы. Қаржы толығымен игерілгеннен кейін қатысушылар табысынан 5 жыл бойы 1% қайтарып, сондай-ақ технопарктің резиденті ретінде тағы 1% үлес қосады. Бағдарлама түлектерінің қатарында UvU, beyne.ai, Parqour және басқа да табысты компаниялар бар.

Қаржыландырудан бөлек, Seed Money қатысушыларына мына мүмкіндіктер ұсынылады:

  • Astana Hub инфрақұрылымы мен коворкингіне тегін қол жеткізу;
  • Салалық сарапшылардан кеңес алу және кері байланыс;
  • B2B және B2G кездесулерді ұйымдастыруда көмек алу;
  • Инвесторлар және бизнес-періштелермен нетворкинг.

Шығарылымды мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥🔥

Жауап беру