Digital Bridge 2023 форумында Alem Cup чемпионатының жеңімпаздары анықталды

alem school Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесе отырып, бағдарламалау бойынша жыл сайынғы Alem Cup 2023 чемпионатын ойдағыдай аяқтады. Бұл шара жастар арасында бағдарламалауды қолдап және дамытып қана қоймай, сонымен қатар дарынды бағдарламашылардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.


Alem Cup – кез келген жастағы және тәжірибесі әртүрлі адам қатыса алатын компьютерлік бағдарламалау бойынша онлайн ашық чемпионат. Турнир қатысушылары боттарға арналған жасанды интеллект жасап, ол компьютерлік ойында басқа ойыншылардың боттарымен бәсекелесті.

Жарыс 8 қыркүйекте басталып, 13 қазанда Digital Bridge 2023 форумы аясында мәресіне жетті. Платформада 330 қатысушы тіркелді, ең жоғары рейтингі бар 3 ойыншы финалға іріктелді. Чемпионаттың финалы 1x1x1 форматында өтті, онда қатысушылар бір-бірімен бақ сынасты. Барлығы 10 шақты ойын ойналды.

1 орынды Махмұт Жәңгір мен Мұстафа Ұстаздың  "mus11110 zhangir3" командасы иеленді. Жәңгір 2021 жылғы чемпионатта да бірінші орынды иеленген. Жеңісі үшін "mus11110 zhangir3" командасы 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталды.

2 орынды "TAFH" және "subudei" командалары бөлісті, өйткені олар әрқайсысы 9 ұпай жинап, тең нәтиже көрсетті. Әр командаға жүлде қорының жартысы - 550 000 теңге көлемінде берілді. Бұл командаларда жалғыз ойыншыдан: Тәлім Аушахман мен Бірімжан Мейрам болды. Айта кету керек, Тәлім Аушахман небәрі 16 жаста және барлық финалистің ішінен тек ол alem school студенті емес, сондықтан бұл оның жетістігін одан да әсерлі етеді.

Чемпионаттың алғашқы іріктеу кезеңінен сәтті өткен барлық қатысушыларға Alem Cup 2023-ке қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі   IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz.

 

 

 

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін