Бағдарламаға IT-қауымдастық жоғары қызығушылық танытты. Барлығы 160 өтінім қабылданып, іріктеу нәтижесінде 21 жоба бағдарламаға өтті, ал 13 стартап Demo Day аясында қаланың нақты міндеттеріне бейімделген пилоттық шешімдерін таныстырды. Нәтижесінде әлеуеті жоғары 8 стартап SAFE келісімдері шеңберінде 5 000 000 теңгеден алды. Олардың қатарында OTA, OQ.AI, Artisan Education, Soyleseiyk, Dronly, AMAN, Ascle және U-Drone бар.
«Бұл бағдарлама технологияларды қалалық ортаға енгізудің нақты әрі тиімді құралы саналады. Мұндай бастамалар елорданың нақты мәселелерін шешіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Былтыр акселератордың алғашқы легі стартаптардың жемісті нәтижесін көрсетіп, бірқатар шешім қалалық сервистерге енгізілді. Биыл жасанды интеллектіні қолдануға ерекше мән беріп, қаланың негізгі бағыттарының тиімділігін арттыруға жаңа қадам жасадық. Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, стартаптарға деректер, инфрақұрылым және қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Бұл олардың шешімдерінің күнделікті өмірде нақты пайда әкелуіне септігін тигізеді», – деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.
Стартаптардың шешімдері қалалық күн тәртібіндегі басым бағыттарды қамтыды: қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және қалалық сервистерді дамыту. Сынақ технологиялардың нақты ортадағы тиімділігін бағалап, олардың қала мен тұрғындарға берер маңызын көрсетуге ықпал етті.
Қалалық қауіпсіздік саласында U-Drone жобасы Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, дрондар арқылы жол-көлік оқиғаларын 3D форматта тіркеу технологиясын сынақтан өткізді. Пилот нәтижелері ұшқышсыз технологияларды қолдану бастапқы тіркеу уақытын 5–20 минутқа қысқартуға және егжей-тегжей 3D модельдер арқылы деректердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. AMAN ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әрекет етудің бес негізгі үлгісін пысықтады, ERG компаниясымен келісімшартқа қол қойды, сондай-ақ Рудный қаласындағы мектепте AMAN Safe Schools жобасын іске қосып, 1 000-нан астам оқушыны қамтыды.
Денсаулық сақтау саласында Ascle дәрігердің жасанды интеллект негізіндегі ассистенті қалалық №4 емханада пилоттық режимде енгізілді. Шешім бірқатар күнделікті үдерістерді автоматтандырып, дәрігерлерге күніне орта есеппен 30 минутқа дейін уақыт үнемдеуге мүмкіндік берді. Сынақ барысында 1 000-нан астам сессия өткізіліп, шешімнің медициналық мекеме жағдайындағы тиімділігі дәлелденді.
Білім беру саласында технологиялар оқытуды жекелеу мен инклюзивті тәсілдерді дамыту мақсатында қолданылды. OQ.AI платформасы қалалық мектептерде пилоттан өтіп, оқушылардың практикалық ойлау қабілеті мен мәтінді түсіну деңгейін бағалауға арналған бейімделген тапсырмаларды автоматты түрде қалыптастырды. Нәтижесінде, оқушылардың 60 пайызында мәтінді түсіну көрсеткіштерінің жақсарғаны тіркелді. Soyleseiyk стартапы білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында екі пилоттық жобаны іске асырды. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл шешімді балама әрі қосымша коммуникация, сондай-ақ сөйлеу қабілетін түзету құралы ретінде тиімді деп таныды. Алғашқы 10 күнінде-ақ сөйлеу және зердесі бұзылған балаларда оң динамика мен саналы коммуникация байқалды.
Бағдарлама аясында инженерлік және қолданбалы дағдыларды дамытуға да ерекше назар аударылды. Dronly стартапы қалалық мектептерде дрондарды басқаруға арналған симуляторлар орнатып, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен сабақтар өткізді. Пилотқа 35 оқушы мен 5 педагог қатысты. Сонымен қатар жоба NIS IB Astana мектептері үшін кешенді шешім ұсынып, Орал қаласындағы екі мектепке енгізілді. Artisan Education платформасы Астананың төрт мемлекеттік мектебінде PiBody аппараттық жиынтықтарын пайдалана отырып пилоттан өтті. Жобаға 11 педагог пен 7–10 сыныптардан 234 оқушы қатысты. Нәтижелер оқушылардың жоғары қызығушылығын көрсетсе, педагогтер сабаққа дайындалу уақытының қысқарғанын атап өтті.
OTA стартапы «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығымен бірлесіп пилоттық жоба жүзеге асырды. Жоба аясында қала картасы, маршруттар және негізгі туристік нысандарды қамтитын веб-виджет әзірленді. Сынақ кезеңінде сервисті 60-тан астам турист пайдаланып, оның қолайлылығы мен практикалық тиімділігін жоғары бағалады.
WeGlobal.ai платформасы білім беру шешімдерінің ауқымын Қазақстан бойынша 930-дан астам мектепке дейін кеңейтіп, Астананың мемлекеттік мектептерінде пилоттық жобаларды іске қосты. Сарыарқа ауданында енгізілген Smart Lighting жүйесі электр энергиясын 23 пайызға үнемдеуге мүмкіндік берді, ал Esep AI тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ресурстарды тұтынуды 15–30 пайызға дейін азайту әлеуетін көрсетті.
Astana Innovations Accelerator бағдарламасын Astana Hub, Астана қаласының әкімдігі және «Астана Innovations» АҚ бірлесіп жүзеге асырды.
«Акселератор жыл сайын тиімділігін нақты нәтижелермен дәлелдеп келеді. Қаржыландыру үздік стартаптардың дамуын тоқтатпай, әрі қарай өсуіне серпін береді. Қалалық ортада инновацияларды дамыту бүгінде аса маңызды, бұл ретте Астананың тәжірибесі өзге қалаларға жарқын мысал бола алады», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Бағдарлама қорытындысы қала мен стартап қауымдастығы арасындағы жүйелі ынтымақтастық технологиялық шешімдерді тиімді енгізуге және елорда тұрғындарының нақты қажеттіліктеріне бағытталған тұрақты «ақылды қала» экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айшықтай түсті.