Қазақстан ашық технологиялық экожүйені дамытып, халықаралық технологиялық компаниялармен, зерттеу ұйымдарымен, университеттермен, инвесторлармен әрі кәсіпкерлермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Географиялық орналасуы, цифрлық инфрақұрылымның және кәсіпкерлік экожүйенің дамуы әртүрлі халықаралық нарықтармен өзара әрекеттесу үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Технологиялық күн тәртібінің ауқымы кең болғандықтан, AI Week алғашқы тұжырымдамасы AI MONTH-қа — 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өтетін AI және технологиялар саласындағы маңызды шаралар айына айналды.
Бір ай бойы Қазақстан халықаралық технологиялық компаниялардың, инвесторлардың, әзірлеушілердің, стартаптардың, мемлекеттік органдар мен зерттеу қоғамдастығының басын қосады. Ал AI MONTH аясындағы басты халықаралық шара 1–3 қазанда Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 форумы болмақ. Биылғы жиынның ауқымын Қазақстанға келетін меймандардың деңгейінен-ақ айқын аңғаруға болады.
Network School, Higgsfield AI, NVIDIA, E-Space, General Atlantic, Kraken, Mastercard
AI & Digital Bridge форумы бүгінде AI-инфрақұрылымын қалыптастырып, технологияға миллиардтаған доллар инвестор тартып жатқан, жерсерік желілерін құрып, қаржы мен цифрлық нарықты түрлендіріп отырған компания өкілдерінің басын қосады.
AI & Digital Bridge 2026 хэдлайнері — Network School негізін қалаушы, Coinbase компаниясының бұрынғы Бас техникалық директоры, Andreessen Horowitz бас серіктесі және «The Network State» бестселлерінің авторы Баладжи Шринивасан. Ол USDC жобасын іске қосуға қатысып, Bitcoin, Ethereum, Solana және басқа да жетекші криптожобаларға алғашқылардың бірі болып инвестиция салды. Оның инвестициялық портфелінде Alchemy, OpenSea, Perplexity, Polymarket, Replit, StarkWare және DigitalOcean сияқты технологиялық компаниялар бар.
Форумда қазақстандық AI-бизнесті Higgsfield AI тең құрылтайшысы әрі Бас техникалық директоры Ерзат Дулат таныстырады. Компания бейне мен суреттерді жасауға арналған AI-платформаны дамытуда. 2026 жылдың тамызында Higgsfield AI Series B инвестициялық кезеңі аясында 400 млн доллар тартып, бағалау құны 5,4 млрд долларға жетті.
Форум спикерлерінің қатарында Physical AI симуляциясы бойынша NVIDIA вице-президенті, NVIDIA Omniverse бағытының негізгі басшыларының бірі Рев Лебаредян бар. Ол цифрлық телнұсқалар жасау, физикалық ортаны пішіндеу және роботты жүйелерді үйрету бағытында еңбек етеді.
Сондай-ақ Астанаға бұған дейін O3b Networks пен OneWeb жобаларын өмірге әкелген E-Space негізін қалаушы әрі Бас атқарушы директоры Грег Уайлер келеді. Қазіргі уақытта E-Space төменгі орбиталық жерсерік инфрақұрылымы мен қорғалған байланыс желілерінің жаңа буынын жасақтаумен айналысады.
Уильям Э. Форд — әлемдегі ең ықпалды инвесторлардың бірі, жетекші халықаралық General Atlantic инвестициялық компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы әрі Бас атқарушы директоры.
Сондай-ақ қатысушылар арасында жаһандық криптоиндустрияның басты тұлғаларының бірі, әлемдегі ең байырғы, ірі әрі сенімді криптобиржалардың бірі — Kraken компаниясының тең бас директоры Дэвид Рипли бар.
Аталмыш компаниялардың қатысуын құрғақ танымал есімдердің тізімі ретінде ғана қабылдауға болмайды.
Қазақстан жаңа технологиялық экономикадағы өз орнын нығайтып келеді: AI-инфрақұрылымды дамытып, мамандар даярлайды, капитал тартып, отандық технологиялық компаниялардың жаһандық нарыққа шығуына жағдай жасайды.
Сондықтан AI & Digital Bridge форумында AI-дың келешегі туралы құрғақ сөз емес, нақты әрі қолданбалы мәселелер талқыланады: Physical AI мен роботты жүйелер, инвестициялар мен венчурлік капитал, жерсерік инфрақұрылымы, AI-ды бизнесте қолдану, стартаптарды дамыту, жаңа мамандықтар мен креативті индустриялар.
Бұл ретте биылғы технологиялық күн тәртібі форум өтетін күндермен ғана шектелмейді. AI & Digital Bridge бүкіл Қазақстан бойынша AI-бастамалар мен іс-шаралардың басын қосатын ауқымды AI MONTH бағдарламасының басты оқиғасына айналады.
AI MONTH 23 қыркүйекте OpenAI қолдауымен өтетін HackAlem AI хакатонымен басталады. Жарысқа қатысушылар OpenAI Codex пен OpenAI-дың технологиялық ресурстарын пайдалана отырып, өз шешімдерін әзірлейді, ал жеңімпаздар форум аясында марапатталады.
Бұдан әрі технологиялық күн тәртібі бірқатар іс-шараларды біріктіреді, ал 1–3 қазан аралығында осы ауқымды бастамалардың басты орталығы AI & Digital Bridge 2026 форумы болмақ.
Форум ұйымдастырылып келе жатқан жылдар ішінде 100-ден астам мемлекеттен 127 мыңнан астам қатысушының, 1 500 спикердің, 600 стартап пен 500 инвестордың басын қосты. Ал 2026 жылы ұйымдастырушылар 20 мыңнан астам мейман мен 100-ден аса технологиялық компания қатысады деп межелеп отыр.
1 қазан күні мемлекеттік және халықаралық делегациялар мен технология саласының көшбасшыларына арналған жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама жоспарланған. Бұл күнгі іс-шараларға қатысу тек арнайы шақыру арқылы жүзеге асырылады.
2–3 қазанда форум есігі билет алған барлық келушілер үшін ашық. Бұл күндері AI, Creative Industries, Talent, GameDev бағыттары бойынша сессиялар, технологиялық көрме, Startup Alley, Astana Hub Battle және басқа да қызықты шаралар өтеді.
AI MONTH 23 қазанда alem.ai battle жарысының Grand Final кезеңімен мәресіне жетеді.
Нәтижесінде бұл бір айлық марафон AI-өнімдерін жасау мен дарындарды баулудан бастап, халықаралық инвестициялар тарту мен әлемнің ең ірі технологиялық компанияларымен диалог орнатуға дейінгі ауқымды күн тәртібін жүзеге асырады. Ал AI & Digital Bridge осы біртұтас экосистеманың басын бір арнада тоғыстыратын басты алаңға айналады.
AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалатын барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен жабылады. Алтын серіктестер — Freedom Банк, Kaspi.kz және «Самұрық-Қазына» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Transformation Partner — Beeline Қазақстан. Digital Partner — BI Group. Official Airline Partner — Air Astana.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.