«Ұзақ уақыт бойы ІТ – менікі емес сияқты көрінді»
– Фарход, ІТ-стартаптар тақырыбына қашан қызыға бастадыңыз?
– 2003 жылдан бері шетелде тұрамын. Әуелі Ұлыбританияға көшіп, Лестер колледжін, кейін Сандерленд университетін бітірдім. Онда бизнес-әкімшілендіру және қаржы мамандығын меңгердім. Мамандығым бойынша жұмыс істедім, ал 2011 жылы Сан-Францискоға қоныс аудардым.
Ұзақ уақыт бойы ІТ – менікі емес сияқты сезілді. Мен қашанда код жазатын адам емес, жобаны іске қосатын адам болдым. Бірақ уақыт өте келе экожүйенің өзі тарта бастады. Стартаптардың қалай өсіп жатқанын, компаниялардың жаңа кеңселер ашып жатқанын, айналада технологиялық өзгерістердің тоқтаусыз жүріп жатқанын көресің. Мұндайда шетте қалу мүмкін емес.
2016 жылы data-scientist мамандығын меңгеріп, Остинге (Техас штатының астанасы – Digital Business ескерт.) көшіп, спортпен белсенді айналыса бастадым. Сол уақытта әріптесім екеуіміз салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған стартаптар жасай бастадық.
Біздің алғашқы жобамыз үй маңындағы саябақта жиі серуендейтін немесе спортпен шұғылданатын адамдарға арналған қосымша болды. Пайдаланушылар кішігірім челлендж орындап, оның өтемі ретінде бонустар алып отырды.
Кейін түрлі компаниялармен жұмыс істей бастадық. Біздің қолданбамыз арқылы қызметкерлер спортпен көбірек айналысып, белсенді болып, өзара жарыса алатын. Бұл командалық рухты нығайтуға көмектесті. Ақырында жобаны австралиялық ірі ІТ-корпорация Atlassian-ға сатып жібердік.
Пандемия кезінде Техас штатының үкіметімен бірлесіп жұмыс істедік. Бірнеше жыл қатарынан коммьюнити үшін челлендждер ұйымдастыруға арналған қосымша жасадық. Адамдар отбасымен серуендеп, үйде немесе саябақта спортпен айналысып, тамақтануын бақылап, соның бәрі үшін бонустар алып отырды. Бұл ауқымды жоба болды, әр жарысқа 20 мыңға дейін қолданушы қатысатын.
– Неге Өзбекстанға ораламын деп шештіңіз?
– 2021 жылы балаларға туған елді көрсетіп, біраз уақыт осында тұрып, Өзбекстанның қалай өзгергенін және ІТ саласының қаншалықты дамығанын көру үшін келдім. Ол кезде стартап индустриясында жақсы тәжірибем болды, бірақ Өзбекстанда қалай жұмыс істейтінін мүлде білмедім. Өте ерте кеткендіктен, өзімді менталитет жағынан америкалық сезінетінмін.
Үлкен корпорацияның бизнес-девелопмент бөліміне жұмысқа орналастым және бірнеше айдың ішінде өзбектердің қалай ойлайтынын, неге белгілі бір шешімдер қабылдайтынын және олармен қалай тиімді жұмыс істеуге болатынын түсіндім. Кейін түрлі компаниялар мен банктерге кеңес бере бастадым.
Одан кейін Қазақстанның 1Fit стартапымен country manager ретінде жұмыс істедім. Командаға Өзбекстан нарығына шығуға көмектестім. Басында жобаға ешкім сенген жоқ, қолданба арқылы залға баратын адам болмайды, спорт саласы цифрланбайды деп айтты.
Бірақ мен түсіндім: Еуропа мен АҚШ-та болып жатқанның бәрі ерте ме, кеш пе Орталық Азияға келеді. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай жүрді, ал 1Fit-тің Өзбекстандағы қаржылық нәтижелері ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Кейін Ұлыбритания нарығына шығуға жауапты болдым да, тағы біраз уақыт Лондонға көшіп кеттім. Бұл бағытты жабу туралы шешім қабылдағанда Малайзияға немесе Әзербайжанға көшуіме болатын еді, бірақ Ташкентке қайтуға бел будым.
«Алғашқы клиент ақша төлемейінше, сенің стартапың – жай ғана идея»
– Deepen идеясы қалай пайда болды?
– 2023 жылы жүгірумен әуестене бастадым, ал былтыр триатлонға кірістім. Қазір бір жыл ішінде бес Ironman жарысынан өткен жалғыз өзбекпін.
Мен әрдайым адамдарды спортпен айналысуға ынталандыратын өнімді дәл Өзбекстанда жасағым келді. Ата-анама қарап-ақ, адамдардың үнемі дәрігерге барып, дәрі ішетініне, бірақ аз қозғалатынына және денсаулығына дұрыс көңіл бөлмейтініне көзім жетті.
Англияда 500-ден астам фитнес-залды араладым, әрқайсысында басқару жүйесі болды. Ал Өзбекстанда мұндай шешім жоқтың қасы еді. Осылай фитнес-клубтардың операциялық жұмыстарын автоматтандыруға көмектесу туралы ой туды. Спорт секциялары неғұрлым дұрыс жұмыс істесе, соғұрлым көп адам баратынын түсіндім.
2023 жылдың соңында Ташкентке қайта оралып, стартапқа сенетін және оны бірге жасайтын программистер мен менеджерлерден команда жинай бастадым. Тәжірибем болғанына қарамастан, әр жаңа жобаға нарықты да, жұмыс істейтін саланы да білмейтін адам сияқты кірісемін. Себебі алғашқы клиент ақша төлегенге дейін – бәрі жай ғана идея.
– Жұмысты неден бастадыңыз?
– Алдымен нарықты зерттедік те, екі негізгі мәселені шешуден бастадық. Біріншісі, Өзбекстандағы фитнес-залдардың басым бөлігі кіріс-шығынын жүйелі түрде есептемейтін. Олар тек шоттағы қалдыққа қарап, «көп болса – жақсы» деп ойлайтын. Мысалы, көптеген кәсіпкерлер кассаға $10 000 түсіп, $9000 кетсе, бұл $5000 түсіп, $3000 жұмсағаннан да нашар деп ойлайтын. Сондықтан клубтарға нақты қанша табыс табатынын көрсететін аналитика бере бастадық.
Екіншісі, кей залдардың тіпті клиенттік базасы болмады: әрі кетсе Excel кестесі немесе келушілерді жазып қоятын қағаз журнал. Біз оларға кім, қай уақытта жиі келетінін, қандай абонемент алатынын, қашан төлем туралы еске салу керегін көрсетіп бердік.
– Қазір Deepen не ұсынады?
– Табыс сараптамасын және келушілерді есепке алуды енгізген соң, фитнес-залдардың сұранысына қарай функционалды кеңейттік. Мысалы, Deepen Web App деген мобильді қосымша жасадық, онда әр клубтың жеке парағы бар. Чек-инді QR-код арқылы енгіздік, кейін жүйені турникеттермен біріктірдік. FaceID келушіні автоматты түрде анықтап, абонементінің бар-жоғын тексеріп, кіріске рұқсат береді. Егер карта болмаса, адамға администраторға бару немесе платформаның ішінде онлайн төлеу ұсынылады.
Сонымен қатар клиенттерге арналған әртүрлі хабарлама, пікір қалдыру, туған күнмен құттықтау сияқты мүмкіндіктер қостық.
Deepen залдың жүктемесін де көрсетеді, қай күндері немесе қай уақытта келушілер көп. Бұл акциялар мен жеңілдіктерді жоспарлауға немесе қызметкерлердің жұмысын дұрыс бөлуге көмектеседі. Жақында Deepen AI іске қостық, бұл – келушілердің мінез-құлқын болжайтын және олардың келесі айда абонементті ұзарту ықтималдығын анықтайтын ЖИ-агент.
– Deepen-де жаттықтырушыларға арналған функция бар ма?
– Сервистің бірнеше деңгейі бар: иесіне арналған (ең кеңейтілгені), әкімшіге арналған және жаттықтырушыларға арналған. Инструкторлар өз клиенттерін қосымшада көре алады, сабақ кестесін жасайды, қанша жаттығу қалғанын бақылайды және төлем қабылдай алады.