Әр стартапқа өз жобасын таныстыру үшін бір минут уақыт берілді, осы уақытта олар жобаларының ерекшелігін, мүмкіндіктерін және масштабтауға дайын екендігін көрсетуге тиіс болды. Жартылай финал нәтижесінде 14 стартап таңдалып, 3 қазан күні форумның басты алаңында басты жүлде қоры – 125 000 АҚШ долларын ұтып алу үшін жарысқа түспек.
Astana Hub Battle 2025 жартылай финалистері:
- Mirai Tech – спорт пен реабилитация үшін жасанды интеллект пен өз энергия көздері негізінде жұмыс істейтін киілетін сенсорларды әзірлейтін қазақстандық DeepTech стартабы.
- Yaya – балалардың дамуына арналған ЖИ негізіндегі қосымша.
- Hemo.Labs – ауруларды ерте анықтап, өмір салтын жақсарту үшін жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін профилактикалық сандық көмекші.
- NeuroGuard AI – ми ауруларын ерте анықтап, оның қартаюын баяулатуға және дәрі-дәрмектерді іздеуге көмектесетін ЖИ негізіндегі платформа.
- Moon.AI – шағын және орта бизнес үшін жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін операциялық жүйе: компанияның деректерін жаттап алып, тәулік бойы жұмыс істейтін дайын «цифрлық қызметкерлер».
- WeGlobal.AI – жасанды интеллектіні қолдана отырып, оқушылардың кәсіби бағдарлануын және психологиялық қолдауын қамтамасыз ететін EdTech стартабы.
- eXpace Technology – тұрақты болашаққа бағытталған тұрақтар мен инфрақұрылымды оңтайландыру үшін инновациялар әзірлейтін платформа.
- flection.ai – инсульттен кейінгі реабилитация үшін қолдың қозғалыстарын веб-камера арқылы бақылап, терапевтикалық ойындар негізінде жұмыс істейтін веб-платформа.
- OpenSpot – ақылды тұрақ шешімі.
- MindShield – Паркинсон ауруын ерте диагностикалауға арналған мобильді қосымша мен білезік.
- CYPERPACK.AI – болашақ ғалымдар мен инженерлерді зерттеу және жобалық STEAM білім беру арқылы дайындауға арналған экосистема.
- MacDent – стоматологиялық клиникалар мен медициналық орталықтар үшін қызмет ұсынатын SaaS+At ERP/CRM платформасы.
- Oina AI – бірнеше минут ішінде интерактивті презентациялар жасауға арналған жасанды интеллект платформасы.
- AIGINEER – құрылыс және инженерия саласындағы процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект агенттері мен цифрлық инженерлер жасайтын платформа.
Astana Hub Battle қатысушыларына венчурлық инвесторлар, халықаралық корпорациялар, акселераторлар мен БАҚ-на қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады. Байқау дайын өнімдері бар MVP немесе PMF кезеңіндегі стартаптарға бағытталған және Қазақстанның технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мен инновациялық экожүйені қалыптастыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
Еске сала кетейік, Digital Bridge – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум. Биылғы форумның басты тақырыбы – Generative Nation. Бұл ұғым Қазақстанның технологиялар мен адам капиталының дамуына негізделген білім қоғамын құрудағы негізгі бағытын көрсетеді.
Ұйымдастырушылар – Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Астана қаласының әкімдігі.
Биылғы форум серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды. Форумның бас серіктесі – Freedom Bank Kazakhstan. Алтын серіктестер – Kaspi.kz, Yandex Qazaqstan және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес – «Транстелеком» АҚ. Қола серіктестер – BI Group, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, Еуразиялық банк, Ozon, "Теңізшевройл" ЖШС. Инновациялық серіктес – inDrive — көлік және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. Ақпараттық серіктестер – CITIX, Musan Group, EcoGenMedia, MYD, Visit Astana.