Қонақтарды ЦДИАӨМ Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов пен Astana Hub даму және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Абай Әбсамет қарсы алды. Олар технопаркте экскурсия жүргізіп, Қазақстанның IT-экожүйесі және Astana Hub қызметі туралы әңгімеледі.
«Елшілік маған Қазақстанның IT секторын жақсарту үшін үкіметтің не істеп жатқанын көру үшін Astana Hub-пен танысуға кеңес берді. Расымен, біраз қызықты мағлұмат алдым. Astana Hub деген мұндай үлкен технопарк деп ойламаппын. Үлкен әсер алдым!»,- деді Брайан Стиммлер.
Astana Hub қызметі туралы презентациялардан басқа, делегация назарына технопарк қатысушыларының жобалары ұсынылды. Metatesk білім беру платформасының негізін қалаушы және бас директоры Гунай Иманзаде және деменция белгілері мен дәрежесін анықтайтын My Mind стартапының бас директоры Юсуп Тумгоев өз жобаларын таныстырды.