ҚР Премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі мейманға Astana Hub бойынша экскурсия жүргізіп, оның құрылымы мен негізгі бағыттарын таныстырды.
Мемлекет басшысымен бірге келген ресми делегация құрамында Италияның сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-министрі, Италияның Қазақстандағы елшісі, сондай-ақ Президенттің кеңесшілері мен басқа да ресми өкілдер болды.
Қонақтар Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің жұмысымен танысты. Еске сала кетейік, бұл – Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Ол Astana Hub базасында, француз бағдарламашысы әрі педагог Николя Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында жұмыс істейді. Мектеп студенттері 50-ден астам жобаны меңгеріп, Golang, Rust, JavaScript, Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілін игереді. Оқу соңында студенттер жасанды интеллект инженері, бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшаларды әзірлеуші және басқа да бағыттар бойынша мамандануға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар италиялық делегацияға Astana Hub резиденттері – Codiplay, Cybernet, TrustExam және Axellero стартаптары таныстырылды. Жас кәсіпкерлер өздерінің жұмысы, негізгі жетістіктері және Қазақстан мен шетелдерде жүзеге асырылатын инновациялық жобалары туралы баяндады.
Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1700-ден астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 460-тан астамы – халықаралық компания. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.