Томирис ішкі істер органдарында психолог қызметін атқарады. Ол күнделікті жұмыс барысында психодиагностика нәтижелері, тестілеу көрсеткіштері, бақылау динамикасы және есептік деректер сияқты ауқымды ақпарат легімен жұмыс істейді. Осы мәліметтерді жедел қорытып, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтауды меңгеруге деген ұмтылысы оны Data Analytics саласына жетеледі.
Біз Tech Orda түлегімен Qlik Sense жүйесін меңгеруге не түрткі болғаны, оқу барысында қандай қиындықтар кездескені және деректер аналитикасы психолог қызметін жетілдіруге қалай септігін тигізетіні жайында тілдестік.
— Tech Orda бағдарламасына қатысқанға дейін немен айналыстыңыз және қазір қайда қызмет етіп жүрсіз?
— Tech Orda бағдарламасына қатысқанға дейін де, қазір де ішкі істер органдарында психолог болып қызмет етемін. Негізгі міндетім — қызметкерлерге психодиагностика жасау, тестілеу нәтижелерін талдау, сондай-ақ тиісті қорытындылар мен есептер әзірлеу.
Уақыт өте келе жұмыс барысында деректер ауқымының артып келе жатқанын байқадым: психологиялық тестілеу нәтижелері, жекелеген шкала көрсеткіштері, психологиялық бақылау топтары, өзгерістер динамикасы және сан алуан есептер. Осы ақпаратты дәстүрлі түрде қолмен сұрыптап қана қоймай, онымен толыққанды аналитикалық құрал ретінде жұмыс істеуді меңгергім келді.
Қазіргі таңда психолог ретінде кәсіби тұрғыда шыңдалуды жалғастыра отырып, Data Analytics бағытын да қатар меңгеріп жатырмын. Алған білімімді күнделікті жұмыс барысында іс жүзінде қолданып келемін.
— Неліктен IT саласын таңдап, Tech Orda бағдарламасы бойынша оқуға өтінім беруге бел будыңыз?
— Психологиядан IT саласына толықтай кеттім деп айтпас едім. Қайта осы екі саланы ұштастыруды көздедім. Психологиялық зерттеу нәтижелерінен түрлі заңдылықтарды іздеу маған үнемі қызық болатын. Бірақ Excel мен қарапайым кестелердің мүмкіндігі шектеулі екені рас. Ақпарат көбейген сайын, жалпы жағдайды бірден аңғару, көрсеткіштерді салыстыру және олардың өзгеру динамикасын қадағалау қиындай түседі.
Осылайша менде деректер аналитикасы мен Qlik Sense жүйесіне деген қызығушылық оянды. Менің басты мақсатым — ауқымды әрі шашыраңқы ақпаратты тенденцияларды бақылауға, нәтижелерді салыстыруға және қажетті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік беретін түсінікті жүйеге келтіруді үйрену еді. Мен үшін IT саласы негізгі кәсібімді барынша заманауи, жүйелі әрі нәтижелі етуге жол ашатын таптырмас құралға айналды.
— Оқу барысы қалай өтті және өзіңіз үшін ең құндысы не болды?
— Оқу процесі айтарлықтай қарқынды өтті. Мен деректермен жұмыс істеу негіздерін, оларды жүктеу мен түрлендіруді, визуализация құруды, көрсеткіштер жасауды, сондай-ақ Set Analysis, айнымалылар, скрипттер және Qlik Sense жүйесіндегі аналитикалық қосымшалардың құрылымын меңгердім. Бұл ретте мен үшін ең құндысы — аналитиканың әдемі графиктен емес, деректерді дұрыс ұйымдастырудан басталатынын түсіну болды. Егер мәліметтер басынан дұрыс құрылымдалмаса, ең керемет (әсерлі) визуализацияның өзі шынайы көріністі көрсете алмайды.
Бірте-бірте қарапайым кестелерден гөрі күрделірек міндеттерге: деректер модельдерін жасауға, көрсеткіштермен жұмыс істеуге және талдау процесін автоматтандыруға көштім. Ең құндысы — алған жаңа білімімді жұмыс барысында бірден іс жүзінде қолдану мүмкіндігі. Мен психодиагностика нәтижелерін жекелеген сандар тізбегі ретінде емес, жүйелеуге, талдауға және көрнекі түрде көрсетуге болатын біртұтас деректер жиынтығы ретінде қабылдай бастадым.
— Оқу барысында сіз үшін ең үлкен қиындық не болды?
— Ең басты қиындық — IT саласына техникалық мамандықтан келмегенім болды. Скрипттер, деректер модельдері, кестелер арасындағы байланыстар мен формулаларға алғаш тап болған кезде, бейнебір мүлдем басқа тілді оқып жатқандай күйде боласың.
Кейде скрипттегі кішкентай ғана қатенің кесірінен бүкіл модельдің жүктелуі тоқтап қалатын кездер де болды. Ондайда қатенің себебін іздеп, әр кезеңді мұқият тексеріп, процестің логикасын басынан бастап қайта ұғынуға тура келетін. Дегенмен, дәл осындай жағдайлар мені қателіктерден қорықпауға, қайта оларды оқу процесінің заңды бір бөлігі ретінде қабылдауға үйретті.
Мен үшін ең алдымен өзіме мынаны дәлелдеу маңызды болды: егер сен психолог болсаң және техникалық білімің болмаса, бұл аналитика мен IT саласының есігі сен үшін жабық деген сөз емес.
— Tech Orda бағдарламасы кәсіби қызметіңізге қалай ықпал етті?
— Tech Orda бағдарламасы маған өзім үшін жаңа саналатын салаға жүйелі түрде қадам басуға мүмкіндік берді. Ең басты өзгеріс қызметімде емес, ой-өрісім мен жұмысқа деген көзқарасымда орын алды.
Бұрын жұмыс барысында тек психологиялық тестілеу нәтижелерін ғана көретін едім. Қазір деректердің бүкіл құрылымын: нақты көрсеткіштерді, олардың өзара байланысын, өзгеру динамикасын, жекелеген топтарды және түрлі заңдылықтарды анық аңғарамын.
Мен үшін ең құндысы — осы оқудың арқасында психология мен IT саласын өзара ұштастыра алғаным. Бұл жай ғана қандай да бір жаңа бағдарламаны меңгеріп шығудан әлдеқайда қызық болып шықты. Аналитикалық құралдарды өз мамандығымның талаптарына бейімдеуге және сол арқылы күнделікті жұмыс процестерін әлдеқайда жетілдіруге болатынына көзім жетті.
— Бүгінгі таңда қандай міндеттермен жұмыс істеп жатырсыз?
— Қазіргі таңда психолог ретіндегі қызметімді жалғастыра отырып, қатарлас деректер аналитикасы саласындағы дағдыларымды дамытып келемін.
Мен психодиагностика нәтижелерінің ауқымды деректер жиынтығымен және есептік мәліметтермен жұмыс істеймін. Менің басты міндетім — деректердің кестелерде жай сақталып қоймай, керісінше, талдау процесін жылдамдатуға және тиімді шешімдер қабылдауға нақты көмектесуін қамтамасыз ету.
Аналитикалық құралдардың көмегімен көрсеткіштердің таралуын көрнекі түрде көруге, тенденцияларды анықтауға, жекелеген топтарды қалыптастыруға, динамиканы бақылауға және визуалды есептер дайындауға болады.
Психология мен деректер аналитикасының тоғысқан тұсында туындайтын мүмкіндіктерді одан әрі зерттеу мен үшін өте қызық. Осы бағыттан өзімнің кәсіби тұрғыда дамуым үшін зор әлеует көріп отырмын.
IT саласына енді ғана қадам басуды жоспарлап жүрген жандарға қандай кеңес берер едіңіз?
— Менің айтар кеңесім: өзіңізді толық дайын сезінетін сәтті күтіп отырмаңыз. Мен IT саласына бір қарағанда бағдарламалаумен еш байланысы жоқ мамандықтан келдім және басында маған да қорқынышты болды.
Кішкентай қадамдардан бастауға болады: өзіңізге қызық бағытты таңдап, жүйелі түрде білім алыңыз және оны міндетті түрде іс жүзінде қолданыңыз. Өйткені дәл осы практикалық тапсырмалар материалды тереңірек ұғынуға және еткен еңбегіңіздің нәтижесін көруге көмектеседі.
Бұл ретте бұрынғы мамандығыңыздан толықтай бас тартудың қажеті жоқ. Кейде дәл сол жинақтаған тәжірибеңіз сіздің басты артықшылығыңызға айналуы әбден мүмкін.
Менің жағдайымда психология мен деректер аналитикасы — екі бөлек жол емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын екі құзырет. Менің оқиғам IT саласына келу міндетті түрде бағдарламашы болуды армандаудан емес, өзіңізге таныс кәсіби саладағы міндеттерді жаңаша шешуге деген ұмтылыстан да басталатынын көрсетеді.
Оқу бағыттарымен танысу, IT-мектепті таңдау және Tech Orda бағдарламасына қатысуға өтінімді 2026 жылдың 21 қыркүйегіне дейін Astana Hub сайтында беруге болады.