Қарағанды ​​облысының мектеп оқушылары көшбасшылық бағдарламаға қатысып, инновациялық университетке грант ала алады

Қарағанды облысында Beginit by inDrive әлеуметтік көшбасшылық және жобалық қызмет бойынша курстың іріктеу кезеңі басталды. Бастама Astana Hub және Terricon Valley қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама барысында тәжірибелі бизнес және креативті сала жетекшілері балаларға өз әлеуетін жүзеге асыруға және аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өз шешімдерін жасап, ұсыну дағдысын үйретеді. Beginit финалистері Алматыда ашылатын жаңа инновациялық университетке грант алады.


inVision U университетінің ашылуы туралы алғаш рет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Bridge халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында inDrive компаниясының бас директоры Арсен Томский айтқан болатын. Ерекше көшбасшылық бағдарламасы Қарағанды ​​облысының 10-сынып оқушыларына білім беру курсынан өтіп, ғылыми және әлеуметтік жобалар жасауды үйренуге мүмкіндік береді.

«Қарағандыда мықты бағдарламалау мектебі бұрыннан бар, біздің университеттер кеңестік кезеңнен бері жақсы мамандар дайындап келеді, ал 2000-жылдардың басында қалада ірі компаниялардың орталық кеңсесі ашылды. «Terricon Valley» IT-хабы Қарағанды ​​облысының барлық жоғары оқу орындары мен колледждерін қамтып, өзара 28 меморандумға қол қойылды, 50 мыңнан астам студент қамтылды. Біз Beginit by inDrive бастамасына ризамыз, себебі ол мектеп оқушыларына арналған және болашақ мамандық таңдауға көмектеседі. Бұл бастама бізге Қарағанды ​​облысында IT&Digital саласын тұрақты дамыту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деді баспасөз мәслихатында Astana Hub-тың Қарағанды ​​облысындағы өңірлік менеджері Сабыр Ниязов.

Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады: аймақтық іріктеу кезеңі, білім беру модулі, жастар лагері және жобалық модуль. Іріктеу кезеңінен өткен балалар Алматының тау бөктеріндегі оқу лагеріне жолдама алады, онда Қостанай, Шығыс және Батыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстарынан келген құрдастарымен танысады.

«Қарағанды ​​IT, цифрландыру және мамандардың сапасы жағынан Қазақстандағы белсенді және болашағы зор қалалардың бірі. Бұл өңірде біздің әлеуметтік көшбасшылық бағдарламаға қызығушылық жоғары болды, сондықтан Қарағандыда бағдарламаның басталғанын жариялаған соң бір аптадан кейін өтінім қабылдауды тоқтаттық. Бұл оқушылардың жаңа нәрсе жасауға және елге пайда әкелетін өзгерістерді басқаруға ұмтылысын және ниетін көрсетеді. Террикон алқабындағы әріптестер ең үлкен және ең белсенді аймақтық IT қауымдастық құрып, тамаша жұмыс атқарды. Қарағандылықтарға осындай белсенділік үшін алғыс айтқым келеді және болашақ әлеуметтік көшбасшылармен,  қатысушылардың әрқайсысымен жеке кездесу үшін бағдарламаның басталуын асыға күтіп жүрмін», - деді Beginit by InDrive жобасының жетекшісі Елена Тропинова.

Beginit by inDrive бағдарламасына қатысу және іріктеу кезеңінен өту сұрақтары туралы +7 705 343 06 12 нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевқа хабарласуға болады.

Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған,  бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.

inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру