Павлодар облысының мектеп оқушылары Pavlodar IT Hub қолдауымен Beginit by inDrive әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасына қосылды
Павлодар облысында Beginit by inDrive әлеуметтік көшбасшылық және жобалық жұмыс курсына іріктеу кезеңі басталды. Astana Hub және Pavlodar IT Hub қолдауымен қолға алынған бастама жастардың әлеуетін ашуға және аймақтың әлеуметтік саласында инновациялық шешімдер жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Beginit бағдарламасы Павлодар облысының оныншы сынып оқушыларына әлеуметтік көшбасшылық бойынша білім беру курсынан өтуге мүмкіндік береді. Тәжірибелі бизнес және креативті сала жетекшілері қатысушыларға аймақтағы өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми және әлеуметтік жобалар құруды үйретіп, бағыт-бағдар береді.
«Егер бұрын балалар кино және сахна жұлдыздарына ұсқағысы келсе, қазір мектеп оқушылары Илон Маск немесе Марк Цукерберг сияқты IT маманы болуды армандайды, ал жергілікті мектеп оқушыларына Павлодарда білім алған цифрлық даму министрі Бағдат Мусинді үлгі қылатын шығар. Біздің бағдарлама баланың бойына болашақта әлеуметтік көшбасшы болуға мүмкіндік беретін, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын қасиеттерді сіңіруге бағытталған. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген өтініш жинадық, бірақ тек ең мықтысы ғана финалға шығады, мүмкін Павлодар облысының оқушысы грант жеңіп алатын шығар», - деді Beginit InDrive жобасының менеджері Ерсайын Қабдрашев.
Beginit бағдарламасының финалистері Алматыда ашылатын жаңа инновациялық университетте оқуға грант алады.
«Павлодар облысында шығармашылықпен айналысатын жастар өте көп. Beginit by inDrive бастамасына тамаша жоба үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Олар мектеп оқушыларының аудиториясын қамтып, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Бұл жоба біздің өңірге ел аумағында ғана емес, одан тыс жерде көптеген бастаманы қолға алатын жас таланттарды ашуға көмектеседі деп сенемін», - деді баспасөз-маслихатында Astana Hub Павлодар облысындағы өңірлік менеджері Нұрсипат Төлеубай.
Іріктеу кезеңі мен баспасөз мәслихаты Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті. Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады: аймақтық іріктеу кезеңі, білім беру модулі, жастар лагері және жобалық модуль. Іріктеуден өткен қатысушылар Алматының бөктеріндегі оқу лагеріне барып, Қазақстанның басқа аймақтарындағы құрдастарымен танысып, тәжірибе алмасады.
«Біздің жастар орталығы жастарды қызықтыратын барлық нәрсені қамтуға тырысады. Біздің жұмысымыздың бір бағыты – көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Біз әрқашан ынтымақтастыққа және жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз. Біз жастарымыздың Beginit by inDrive бағдарламасына белсенді қатысады деп үміттенеміз және олардың әлеуметтік жобаларын міндетті түрде қолдаймыз», - деді Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахымжанов.
Beginit by inDrive бағдарламасына қатысу және іріктеу кезеңінен өту сұрақтары туралы +7 705 343 06 12 нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевқа хабарласуға болады.
Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған, бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.
inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:41
👍👍👍
Ilias Zholaman · Қар. 24, 2023 17:10
круто молодцы)