СҚО оқушылары әлеуметтік көшбасшы дағдыларын меңгереді
1 қазанда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының іріктеу кезеңі өтті. Бағдарлама Қазақстандағы мектеп оқушылары арасында жас әлеуметтік көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Жоба өңірлердегі дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың сапалы білім алуына және лидерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Биыл бағдарлама Қазақстанның 10 облысын қамтып, 10-сынып оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашты. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан өңірі жобаға алғаш қатысып отыр. Бағдарлама аясында қатысушылар лидерлік құзыреттерді дамытып, өз идеяларын әлеуметтік жобаларға айналдыруды үйренеді. СҚО-дағы іріктеу кезеңі аймақтық түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам оқушы, олардың ата-аналары мен мұғалімдерінің басын қосты. Сондай-ақ іс-шараға Beginit Central Asia by inDrive жобасының координаторы Самат Саяков және SKO Hub өңірлік менеджері Нұргүл Болатова қатысты.
Жоба координаторы Самат Саяков өз сөзінде: «Мақсатымыз – өңірлерінде оң өзгерістер жасауға қабілеті бар жасөспірімдерді анықтау және оларға демеу көрсету. Біз жасөспірімдердің идеяларын жүзеге асырып, жан-жағындағы әлемді жақсартуына үлес қосуға жол саламыз», – деді.
Іріктеу кезеңі барысында оқушылар лидерлік қасиеттерін анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындап, әлеуметтік лидердің рөлін зерттеді. Өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ойларын ортаға салып, әлеуметтік жобаларды талқылады және тест тапсырмаларын орындады. Сынақ нәтижесі бойынша ең үздік қатысушылар бағдарламаның келесі кезеңіне жолдама алады.
Іріктеуден сүрінбей өткен оқушылар әлеуметтік көшбасшы қағидаларын игеріп, қоғам өміріне белсенді араласудың мән-маңызын түсіндіретін білім беру модуліне көшеді. Мұнда қатысушылар өз қалалары мен ауылдарындағы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынып, іске асыра бастайды. Сондай-ақ осы жобаның бас серіктесі – Astana Hub-тың өңірлік өкілдіктерінің инновациялық орталықтарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады.
«SKO Hub – өңірдің IT-қауымдастығын дамыту орталығы. Біз түрлі тегін білім беру жобаларын жүзеге асырып, питчингтер, воркшоптар, хакатондар өткіземіз. Стартаптарды іске қосуға қолдау көрсетіп, IT, бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты құруға жол саламыз. Beginit жобасының өңірімізде жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Бастама балаларымызға өзін танытып, пікірлес адамдармен танысып, армандарын жүзеге асыру үшін тамаша мүмкіндік ұсынады. Beginit бағдарламасы аясында SKO Hub тарапынан жоба қатысушыларына бір-бірімен кездесіп, идея алмасып, оларды іске асыру үшін жабдықталған алаң ұсынамыз. Сондай-ақ барлық қатысушыға тәлімгерлік қолдау көрсетеміз», – деді Нұргүл Болатова, SKO Hub өңірлік менеджері.
Еске салсақ, Beginit Central Asia by inDrive білім беру бағдарламасы мектеп оқушыларына жас әлеуметтік көшбасшылар қауымдастығының бір бөлігі болып, жеке бастамаларды жүзеге асыруға көмектесетін дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның үздік финалистері inVision U университетінің Foundation Year бағдарламасына шақырылып, шетелде оқыту қарастырылған сапар гранттарын, ҰБТ-ға дайындық курстары мен ноутбуктерді ұтып ала алады.
Пікірлер 11
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:12
👍
Kyzylorda Hub · Қаз. 10, 2024 12:32
Замечательная новость!
Arman Zhalgasbayev · Қаз. 4, 2024 01:42
Cool! Good luck 🍀
Lain Iwakura · Қаз. 3, 2024 14:08
cool
Мирас Нуркенов · Қаз. 2, 2024 15:50
круто
Бекжан Жақас · Қаз. 2, 2024 13:25
круто
Alizhan Nurgazy · Қаз. 2, 2024 11:56
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Наталья Агишева · Қаз. 2, 2024 08:23
👍👍👍👍👍👍👍
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қаз. 2, 2024 00:21
👍👍
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 1, 2024 16:39
Классно, что у детей есть интерес к IT уже со школы
Assem Tolegenkyzy · Қаз. 1, 2024 15:41
супер статья