Павлодардың әлеуметтік көшбасшылары: аймақтың 10-сынып оқушылары халықаралық жобаның іріктеу кезеңіне қатысты
27 қыркүйекте Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы алаңында Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының іріктеу кезеңі өтті. Бағдарлама Қазақстанда әлеуметтік көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеп, талантты балаларды қолдауға бағытталған. Beginit жобасы қатысушыларға оқу жылы барысында әлеуметтік көшбасшы дағдыларын үйретіп, туған өлкелерінің мәселелерін шешуді көздейтін бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Айта кетсек, биылғы маусымда әлеуметтік білім беру бағдарламасы Қазақстанның 10 облысын қамтиды. Бағдарлама 10-сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытып, идеяларын нақты жобаларға айналдыруға ықпал етіп, жаңа көкжиектер ашады.
Іс-шараға Павлодар облысының түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық оқушы, олардың ата-аналары мен мұғалімдері, өткен маусымның қатысушылары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Pavlodar Hub өңірлік менеджері Нұрсипат Төлеубай мен Beginit Central Asia by inDrive жобасының координаторы Самат Саяқов қатысты.
Баспасөз-конференциясы барысында жоба координаторы Самат Саяқов: «Мақсатымыз – өңірлерінде оң өзгерістер жасауға қабілеті бар жасөспірімдерді анықтау және оларға демеу көрсету. Біз жасөспірімдердің идеяларын жүзеге асырып, жан-жағындағы әлемді жақсартуына үлес қосуға жол саламыз», – деді.
Іріктеу барысында оқушылар өздерінің лидерлік икемін анықтауға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындап, осы дағдыны дамытудың маңызын білді. Әлеуметтік жобаға арқау болатын идеяларды талқылап, өзекті мәселелерді шешу жолдары жайлы көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар арнайы тест тапсырмаларын орындады. Оның қорытындысы бойынша, үздіктер келесі кезеңге жолдама алады.
Іріктеуден сүрінбей өткен оқушылар әлеуметтік көшбасшы қағидаларын игеріп, қоғам өміріне белсенді араласудың мән-маңызын түсіндіретін білім беру модуліне көшеді. Мұнда қатысушылар өз қалалары мен ауылдарындағы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынады. Сондай-ақ осы жобаның бас серіктесі – Astana Hub-тың өңірлік өкілдіктерінің инновациялық орталықтарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады.
«Pavlodar Hub аймақтың IT-қауымдастығын дамытуға ықпал етіп, инновациялар мен технологиялар орталығы ретінде қызмет атқарады. Мұнда IT дағдыларын арттыруға және жас мамандарды қолдауға арналған оқыту бағдарламалары, хакатондар мен питч-сессиялар өткізіледі. Pavlodar Hub аймақтың стартаптары мен IT-өкілдерінің өзара әрекеттесуіне жағдай жасайды. Beginit бағдарламасы аясында Pavlodar Hub тарапынан жоба қатысушыларына бір-бірімен кездесіп, идея алмасып, оларды іске асыру үшін жабдықталған алаң ұсынамыз. Сондай-ақ барлық қатысушыға тәлімгерлік қолдау көрсетеміз», – деді Нұрсипат Төлеубай, Pavlodar Hub өңірлік менеджері.
Beginit Central Asia by inDrive әлеуметтік білім беру бағдарламасы мектеп оқушыларына жас әлеуметтік көшбасшылар қауымдастығының бір бөлігі болып, жеке бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның үздік финалистері inVision U университетінің Foundation Year бағдарламасына шақырылып, шетелде оқыту қарастырылған сапар гранттарын, ҰБТ-ға дайындық курстары мен ноутбуктерді ұтып ала алады.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:13
👍
Мансур А · Қаз. 3, 2024 22:21
👍
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 3, 2024 15:29
Beginit в Павлодаре? 😱 Как я пропустила такое?!
Санжар Турабаев · Қаз. 1, 2024 01:26
wow
Lain Iwakura · Қыр. 28, 2024 21:19
nice!
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қыр. 28, 2024 17:56
🔥🔥