Қазақстандық жоба АҚШ Калифорния штатындағы ТОП-15 стартаптың қатарына енді

Astana Hub резиденті - ғарыштық технологиялар саласында маманданған және табиғи апаттардың алдын алу, салдарын басқару шешімдерін әзірлейтін SpaceLab стартабы АҚШ-тың ең ірі штаттарының бірі – Калифорнияда ең үздік әрі болашағы зор жоба деп танылды.


Сондай-ақ SpaceLab F6s жаһандық қоғамдастығының нұсқасы бойынша Кремний алқабының астанасы Пало-Альто қаласында үздік бестіктің қатарына енді. ТОП-5-те қазақстандық стартаптан бөлек Үндістан мен АҚШ-тың ғарыш компаниялары бар: Pixxel Space Technologies Inc., Geosite, Array Labs және WindBorne Systems.

«Үздік ғарыш стартаптары қатарына енгенімізді естігенде әзіл деп ойлағаным рас. Өйткені F6S – 2,5 миллионнан астам стартап пен құрылтайшы тіркелген әлемдегі жетекші желі. Бүгінде біз – Қазақстандағы ғарыш қызметі саласындағы бірқатар стартап пен жас компанияның біріміз. Бәсекеге қабілетті әрі қымбат индустриядағы стартап ретінде халықаралық кәсіби қауымдастықтан мұндай баға алу біз үшін аса маңызды, бұл одан әрі дамуға шабыт пен серпін береді», – деп атап өтті Spacelab компаниясы негізін қалаушылардың бірі, өнім және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дәурен Әубәкіров.

F6S – қаржыландыруға, акселерациялық бағдарламаларға, жұмыс орындарына, гранттарға және басқа да көптеген артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлемдегі ірі стартап алаңы. Платформада әлемнің сан алуан елдерінің мыңнан аса акселерациялық бағдарламасы мен қорлары ұсынылған. F6S-ты қолданатын 11 мыңнан астам стартап жалпы сомасы $3 миллиард құрайтын инвестиция тартқан.

«2023 жылы Astana Hub резиденті болғаннан кейін Өте-Маңызды-Заттар-Интернеті тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Мұнда мемлекет пен бизнес үшін маңызды нысандардағы қызметшілердің, компьютерлердің, датчиктер мен контроллерлердің байланысы қамтылған. Мысалы, су тасқынын болжау үшін қырдағы жауын-шашын мөлшерін және топырақтың ағымдағы жай күйін бақылау да бар. Біз елімізді еркін байланыс және стратегиялық ақпаратпен қамтамасыз етудегі ұмтылысымыздың шетелде еленгеніне өте қуаныштымыз. Бұл бізді жігерлендіреді»,деді Spacelab бас директоры Арман Бекембаев.

SpaceLab спутниктік желілерді қолдана отырып, деректермен алмасудың сенімді шешімін ұсынады. Олардың Satellite IoVIT (Internet-of-Very-Important-Things) жүйесі мамандар, қашықтағы компьютерлер, IoT құрылғылары және клиенттің орталық инфрақұрылымы арасында деректерді қабылдап, алмасуды қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық компоненттерін біріктіреді. Басты артықшылықтың бірі – әлемнің кез келген жерінен деректерді тасымалдауға мүмкіндік беретін жаһандық қамту. Сонымен қатар SpaceLab шешімі әртүрлі спутниктік желілермен икемді үйлеседі, бұл бизнес үшін таңдау еркіндігін ұсынады. Оның әртүрлі салалардағы процестерді оңтайландыру, елдің экономикалық дамуына әсер ету қабілеті нарық үшін өзекті саналады.

Бүгінде SpaceLab жобаны пилот ретінде енгізу үшін телекоммуникация, тау-кен өндіру және медициналық компаниялар сияқты қазақстандық ұйымдармен келісім жасап жатыр. Бұдан бөлек өнімге Африка елдері қызығушылық танытып, пилотты Эфиопияда жүзеге асыруға ниеттенді. Сонымен қатар ұжым Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығында жобаны масштабтау жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылы SpaceLab Astana Hub және Draper University арасындағы серіктестік аясында Кремний алқабында Hero Training қарқынды акселерация бағдарламасын сәтті аяқтап, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100 команданың үздік ондығына кірді. Сондай-ақ стартап ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен Алматыда өткен Central Eurasian venture Forum аясында ұйымдастырылған Space Tech Battle-де «Үздік инновациялық жоба» атағына ие болды. QazInnovations-тен инновациялық грант, американдық Plug and Play акселераторынан «Бағдарлама серпіні» сыйлығын, сондай-ақ Кремний алқабындағы Silkroad Innovation Hub қолдауын алды.

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

I am John Hall, and I live in California. I was contacted by one Carmen who instructed me to set up an account on a legitimate cryptocurrency exchange to purchase BITCOIN, transfer funds to a Trust Wallet account, and then directed me to transfer funds to the fraudulent trading website “darwave.com”. Over the course of a few months, I made repeat investments into the platform totaling over $30,000. During this time, I was assured that my money could be made back and at one point Carmen offered to send $41,000 of her own assets, plus an additional $8,000 that I previously sent to Carmen as a good faith measure, to supplement my investment on the platform. After the alleged transfer, I was led to believe that I had $234,000 USDT in my account balance as a result of the trade. However, when I tried to withdraw, the website informed me that my account was suspended and that my assets were frozen. After contacting the website’s customer service, I was told that my withdrawal would only be approved when I provide an additional payment outside the platform to pay off the short-term capital gains tax on their profits. At this point I realized the fraudulent nature of the website and reported the incident. A friend then recommended "**RECOVERYCOINGROUP AT GMAIL DOT COM**" who helped recover all my money and then brought down the website so they'll not be able to scam someone else.

Жауап беру

Впечатляет!

Жауап беру