Орталық Еуразиядағы ең ауқымды стартап-бастамалардың бірі саналатын байқаудың гранд-финалы 12-13 желтоқсанда Ташкент қаласында өтті. Іс-шара Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрлігі, IT Park Uzbekistan және IT Park Ventures қолдауымен ұйымдастырылды.
Digital Startup Awards – жалпы жүлде қоры $1 млн болатын, өңірдегі инновациялық жобаларды қолдауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған халықаралық бағдарлама. 2025 жылы байқауға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан және Моңғолия стартаптары, сондай-ақ Өзбекстаннан Best Startup Project трегі аясындағы жобалар қатысты.
Байқауға барлығы 1025 өтінім келіп түсті. Көпсатылы іріктеу, жартылай финалдар және халықаралық менторлармен жұмыс нәтижесінде финалға AI, SaaS, FinTech, EdTech, GovTech, E-commerce, сондай-ақ тұрақты даму мен креативті индустриялар бағытындағы 51 стартап жолдама алды.
Multicode – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін B2B SaaS-платформа. Жоба жүк вагондары операторларына арналған және теміржол логистикасындағы операциялық үдерістерді оңтайландырып, басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Стартаптың негізін қалаушы – Ануар Сарсембинов.
Multicode шешімі АҚШ, Оңтүстік Корея, Оман, Мысыр және Чехиядан келген венчурлік қорлар мен акселераторлар өкілдерінен құралған халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Digital Startup Awards бағдарламасы Орталық Еуразия стартап-экожүйесінің дамуына серпін беріп, өңірлік технологиялық командалардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті шешімдер ұсына алатынын айқын көрсетті. Multicode-тың жеңісі қазақстандық стартаптардың жоғары әлеуетін және халықаралық нарыққа шығуға толық дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.