Yume.cloud стартабы: сирек қолданылатын заттардың шығынын қысқартып, қалдықты азайтады

Кейінгі онжылдықта біз шеринг (ортақ қолдану) экономиканың өркендеп жатқанын байқап отырмыз. Бүкіл әлемде асүй ыдыстары мен тұрмыстық техникадан бастап, автокөліктер мен коммерциялық жабдықтарға дейін кез келген затты жалға беруге дайын мыңдаған компания ашылып жатыр.


Дегенмен көп жалға беру қызметтерінің, әсіресе кішігірім қызметтердің басты проблемасы – бизнес процестерін төмен деңгейде автоматтандыру. Бұл компаниялардың көбі қолмен жұмыс істейді. Электронды кестелерді, түрлі құралдарды, тіпті қағаз құжаттарды пайдаланады. Ал бұл жұмыс сапасы мен жылдамдығын төмендетеді.

Қазақстандық Yume.cloud платформасы жалға беру компанияларының барлық бизнес процесін автоматтандыруға көмектесуге ниетті. Стартаптың негізін қалаушы Біржан Шәкәрім платформаның артықшылығын, перспективасын, нақты істері мен болашаққа арналған жоспары туралы айтып берді.

«Yume.cloud – жалға беруші компаниялардың бизнес процесін автоматтандыратын әмбебап платформа. Біз жалға алуды жылдам әрі оңай ету арқылы кәсіптің электронды кестелермен, блокноттармен және қолмен жұмыс істеуін доғаруына көмектесеміз.

Платформа келісімшартты, есептер мен актілерді бір рет басу арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Құжаттарға SMS немесе Egov арқылы қол қоюға болады және барлық құжатты бір жерден бақылай аласыз. Yume.cloud сонымен қатар қойманы басқаруға, транзакциялардың есебін жүргізуге, тауарлардың кірісін талдауға және тіпті GPS арқылы олардың қай жерде екенін бақылауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін