Google for startups және Astana Hub бірлескен бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа легі басталды

Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Моңғолиядан келген 15 жаңа стартап Astana Hub және Google for Startups IT - стартаптар халықаралық технопаркінің бірлескен жобасы-Silkway Accelerator бағдарламасы бойынша оқуды бастады.


Silkway Accelerator екінші легіне қатысу үшін 237 өтінім берілді. Бірінші легі сияқты үздіктердің үздіктерін Орталық Азияның түрлі елдерінің сарапшылары, сондай-ақ Google Developers Group өкілдері кірген арнайы комиссия іріктеп алды.

Таңдалған жобалардың ішінде-Med 365, Biometric, Sagi Ltd, EasyTap Ltd, Ikser app & NJF group, CHK FloBoom Ltd, Metatesk, Mevento LLC, Avlo Incorp Pte Ltd, Planet9, myBonus+, NeuronOil Headway.com LLP, A1 Capital LLP, Factory Price and LLP Factory Price, Beep Beep компаниялары бар. Оларға арнап  Astana Hub-та Welcome Day өтті.

"Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу-бұл Astana Hub және Google for Startups тәжірибелі трекерлері мен сарапшыларының қолдауымен айқын бизнес-мақсаттарды тұжырымдаудың бірегей мүмкіндігі. Әлемдік көшбасшы Google for startups компаниясымен жұмыс істеу - халықаралық инновациялық экожүйемен интеграциялануға да бірден бір мүмкіндік беріп отыр", - деп атап өтті Astana Hub даму және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Абай Абсамет.

Шілде айында оқуды бастаған алғашқы қатысушылар оқу туралы пікірлерімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, сол кезде Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Тәжікстаннан 15 перспективалы стартап іріктелді.

"Бағдарламаға келгеннен кейін пікірлес адамдардың атмосферасында болғаныңды сезесің. Біз үлкен трансформациядан өтіп жатырмыз. Біз сәтсіздіктерден қорықпай тез шешім қабылдауға және мақсаттарға қол жеткізуге үйрендік. Акселерация аяқталғаннан кейін біз неғұрлым жетілген стартап болатынымызға сенімдімін", - дейді Қырғызстаннан келген " NB Fit" стартапының негізін қалаушы Сырға Тілекова.

Бағдарлама бойынша оқыту 3 айға созылады және Нұр-сұлтан қаласында өтеді. Google және Astana Hub топ сарапшылары шеберлік сабақтарын, воркшоптарды өткізеді, мақсаттарға қол жеткізу әдіснамасын құрылымдауға, бизнесті кеңейтуге және пайданы ұлғайтуға септігін тигізеді.

Google for Startups ең перспективалы жобаларға өз платформасында және әлеуметтік желілерде PR-қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Astana Hub қатысушыларға технопарк аумағында тұруға арналған апартаменттер, жұмыс кеңістігін, PR-қолдауды, сондай-ақ Seed Money бағдарламасы шеңберінде 25 млн.теңгеге дейінгі сомаға қаржыландыру алу мүмкіндігін ұсынады.

Google for Startups-бұл Google корпорациясы 2011 жылы іске қосқан стартап-бағдарлама. Ол 125 елдегі 50-ден астам коворкингтер мен акселераторлардан тұрады және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге практикалық сабақтар ұсынады. Биыл Қазақстан бағдарламаның Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі болды.

Astana Hub-Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік IT-компанияларды дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

When is the next participation?

Жауап беру

Next batches have not been announced yet, please keep up with the updates on our web-site and our social networks for the future announcements.

Жауап беру