Startup Garage: cтартаптарға арналған тегін бағдарламаға өтініш қабылданып жатыр
Astana Hub халықаралық технопаркі жас стартаптарды қолдауға арналған Startup Garage инкубациялық бағдарламасының үшінші легі басталғаны туралы хабарлайды.
Өтініштер 2024 жылдың 5 наурызына дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.
Бағдарлама идея MCI немесе өнімді жасау MVP кезеңіндегі ІТ жобаларына бағытталған. Қазақстан мен көршілес елдердің 16 жастан асқан және жобаның негізін қалаған азаматтарға арналған бағдарламаның жалпы ұзақтығы 12 апта.
«Startup Garage жиі кездесетін қателіктерді алдын алуды, жобаны жақсарту үшін бірінші прототипті сынауды және нарықтағы мақсатты аудиторияны анықтауды үйретеді. Қатысушылар инвесторларды тарта отырып, жобаны одан әрі дамыту және бастапқы сатылымдарды құру әдістеріне машықтанады. Бағдарлама аясында қатысушылар технологиялық стартапты жүргізу негіздері, дайын өнім және сату стратегиясы туралы толық түсінік алады», - деді Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Ербол Ахметов.
Сарапшылар мен арнайы шақырылған лекторлар, соның ішінде табысты стартаптардың негізін қалаушылар, инвесторлар және ірі IT-ойыншылар табысты стартап құру және дамыту бойынша кеңес беріп, тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар бағдарлама барысында Software, Edtech, Fintech, Medtech, B2B сату және т.б. салаларда мамандандырылған қолдау көрсетіледі.
Жобаға қатысу үшін Startup Academy білім беру курсын аяқтағаны туралы сертификат, ЖСН және ЭЦҚ кілті қажет. Startup Garage үшінші легіне қатысуға үміткерлер скрининг негізінде таңдалады. Startup Garage бағдарламасы бойынша қосымша кеңестер телеграм-чатында қолжетімді.
Айта кетсек, Startup Academy бағдарламасы екі тілде видео-дәрістер, тапсырмалары бар интерактивті LMS платформасы, ІТ-стартап қауымдастығының жалпы чатына кіру, сондай-ақ Astana Hub инкубаторлары мен акселераторларына қатысуға мүмкіндік беретін сертификаты бар кешенді білім беру әдісін ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Startup Garage бағдарламасының алдыңғы екі легіне 366 өтінім түсіп, оның ішінде 204 жоба іріктеліп алынған еді. Екі ағынның қорытындысы бойынша 79 стартап инкубацияны сәтті аяқтап, дамудың келесі кезеңіне өтіп, сатылым өсімін көрсетіп, халықаралық нарыққа шыға алды.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Сакен Асанов · Ақп. 28, 2024 16:40
Доброго дня! там есть пункт требующии сертификат о прохождении курса Startup Academy. Что делать если у меня его нет?
Nursezim Tokbolat · Ақп. 24, 2024 15:25
думаю каждый начинающий стартап должен попробовтаь!
Zhansultan Sabyrdyldauly · Ақп. 23, 2024 16:39
Программа будет проходит в онлайн или оффлайн формате?
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:30
Очень классная возможность для молодых стартапов
Камшат Бердиева · Ақп. 19, 2024 10:36
👍👍👍
Arman Zhalgasbayev · Ақп. 15, 2024 10:54
Good opportuniy for young startupers 👍