TechCrunch Disrupt 2024: Әлемдегі ең ірі технологиялық конференцияда стартап немесе IT-компанияны таныту мүмкіндігі

Биыл Silkroad Innovation Hub IT Park және Astana Hub-пен әріптестікте әлемнің жетекші технологиялық конференциясының бірі – TechCrunch Disrupt 2024-те Орталық Еуразия стартаптарын таныстыруды жалғастырады.


Іс-шараға инвестиция тартып, шетел нарығына шығуды жоспарлап отырған өсу сатысындағы дайын өнімі бар стартаптар шақырылады. Конференция 28–30 қазан аралығында Сан-Францискодағы Moscone Center-де өтеді.

Өтінімдер 15 тамызға дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.

Әр қатысушы команда стартап аллеясындағы (Startup Alley) стендке орналасып, жобасын көрсете алады. Инвесторлармен байланыс орнатып, сарапшылармен пікір алмасады. Сонымен қатар жобаларын инвесторлар, корпорациялар мен TechCrunch Disrupt көрерменіне ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

TechCrunch Disrupt –  әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші кәсіпкерлер, инвесторлар мен сала көшбасшыларының басын қосып, болашағы зор стартаптарға жобаларын таныстырып, идеяларын жүзеге асырып, іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін айтулы IT-оқиға.

Дереккөз: IT Park

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥🔥🔥

Жауап беру

🔥

Жауап беру

Хорошая возможность заявить о своем продукте

Жауап беру