Astana Hub технопаркі ICT WEEK UZBEKISTAN 2022 шарасына қатысады

Көрме 2022 жылғы 24-28 қазан аралығында Самарқандта АКТ апталығы аясында өтеді. Шара барысында технопарктің экспозициясымен бірге, сондай-ақ қазақстандық стартаптар да өздері жайлы айтып береді.


ICTWEEK UZBEKISTAN - Өзбекстандағы заманауи технологиялар мен инновациялардың жетістіктерін көрсету және тәжірибе алмасу алаңы. Astana Hub өкілдері стартаптар үшін мүмкіндіктер туралы хабарлап, технопарк бағдарламалары жайлы қызғушылық танытқандарға мәлімдеме береді. Ең белсенді және тапқыр қатысушылар арасында жүлделер ойнатылады. 

Сондай-ақ, Өзбекстанда жұмыс істеп жатқан немесе жұмысты бастауға жоспарлап отырған жетекші қазақстандық стартаптар мен IT-компаниялар Astana Hub алаңында өздері жайлы ақпаратпен бөліседі. Олардың ішінде - Cerebra, Parqour, Tastamat, Сергек және Bilim Media Group.

Мысалы әлемнің үздік 10 MedTech стартаптарының қатарына кіретін Cerebra. Жасанды интеллект негізінде құрастырылған инсультті анықтайтын автоматтандырылған бағдарламалық құрал. Толықтай Қазақстанда құрылған жүйе, жалпы ауыр мүгедектік пен өлім деңгейін төмендету үшін инсультті сапалы түрде анықтауды жақсартуға арналған. Қазіргі уақытта Сerebra веб және мобильді қосымшалар үшін бұлтты платформа ретінде қол жетімді.

Parqour - нөмірлерді тану негізінде паркингті автоматтандырумен айналысады. Сондай-ақ, команда ақылды кілтті тұрақ пен тұрақ кеңістігін басқаруды кәсіби түрде жүзеге асырады.

Tastamat - тапсырыстарды беруге арналған заманауи сервис. Қазіргі уақытта экожүйеге Қазақстанның 9 қаласы, 200-ден астам терминал, мобильді қосымша және серіктестер ретінде ірі логистикалық компаниялар мен интернет-дүкендер кіреді.

Сергек - Қазақстанда жол және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы танымал өнім. Бағдарлама жол қозғалысы ережелерін бұзылуын тіркеп, жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларынның арқасында - жолдағы жәйттарды талдайды.

Bilim Media Group - 2011 жылдан бастап, елімізде EDTECH-индустриясын дамытып келеді. BMG оқыту мазмұнын, сондай-ақ онымен байланысты технологиялар мен қызметтерді әзірлеумен, оқшаулаумен және таратуымен айналысады. Компанияның клиенттері арасында мемлекеттік ұйымдар, ірі IT-компаниялар, медиа құрылымдар және елдің жетекші білім беру мекемелері бар.

Технопаркпен және біздің резиденттермен танысуға барлық ниет білдірушілерді шақырамыз. Стендте IT-стартаптар, венчурлық инвесторлар мен бизнес-періштелер, отандық және шетелдік IT-компаниялар, сарапшылар, менторлар, трекерлер және цифрлық технологиялар саласына қызығушылық танытқандар ерекше қызықты әрі пайдалы болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін