Astana Hub қатысушысы – қазақстандық Ailat финтех-компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сыйлығының «Үздік цифрлық клиенттік тәжірибе» аталымы бойынша жеңімпазы атанды. Марапат 10 қыркүйекте жыл сайын өтетін Astana Finance Days 2026 қаржы форумы аясында табысталды.
Бұл марапат компанияның Орталық Азиядағы ислам қаржысын цифрландыруға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Экосистеманың басты өнімдерінің бірі – бағалы қағаздардың исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік беретін Ailat AI Stock Screening API B2B-шешімі.
Ailat технологиялары Қазақстанның бірқатар қаржы институттары мен инвестициялық платформаларының, оның ішінде Paidax, Teniz Capital («Tabys Islamic» платформасы), Halyk Finance және Halyk Bank өнімдеріне енгізілген. Осы шешімнің арқасында пайдаланушылар инвестициялық құралдардың этикалық нормалар мен исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізе алады.
Ailat AI Stock Screening API қаржы ұйымдарына Nasdaq, ITS және KASE биржаларында саудаланатын 5 400-ден астам бағалы қағаздың мәртебесін нақты уақыт режимінде көрсетуге мүмкіндік береді. Тексеріс AAOIFI халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
«Astana Finance Days деңгейінде мойындалуымыз — тұтас аймақтың қаржы секторы үшін маңызды белгі. Ислам қаржысы бұрынғыдай нарыққа кіру кедергісі жоғары, тар шеңбердегі бағыт болудан қалып, технологиялардың көмегімен әлдеқайда қолжетімді салаға айналып келеді. Өзіндік скрининг жүйесін жасап шығару қаржы ұйымдарынан қыруар ресурс, уақыт және арнайы кәсіби біліктілікті талап етеді. Компанияларға мұндай шешімдерді жылдамырақ енгізуге көмектесу мақсатында біз Ailat-та жасанды интеллект пен тәуелсіз шариғат кеңесінің сараптамасын ұштастырдық. Нәтижесінде инвестиция құю процесі бөлшек инвесторлар үшін барынша ыңғайлы, ашық әрі этикаға сай бола түседі», — деп атап өтті Ailat AI басшысы Сәуле Шемен.
Компанияның API-і шешетін басты мәселелердің бірі — қаржылық есептіліктің жариялануы мен бағалы қағаздар туралы ақпараттың жаңаруы арасындағы уақытты қысқарту. Жасанды интеллектке негізделген жүйе компаниялардың жаңа қаржылық есептерін автоматты түрде қадағалап, олар жарияланғаннан кейінгі бес күн ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы деректерді жаңартып отырады.
«Біз ислам қаржысын дамытуға кешенді түрде қараймыз. Экожүйеміздің құрамында исламдық қаржыландыру қағидаттарына сай шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қаржыландыратын лицензияланған компания бар. Технологиялық API-ден бөлек, бизнеске өз өнімдерін шығаруға көмектесе отырып, консалтингтік және инфрақұрылымдық шешімдерді де дамытудамыз. Қазіргі таңда Ailat Finance командасы исламдық ипотека өнімін жасау үстінде», — деді Ailat экожүйесінің негізін қалаушы Азат Өтепбай.
Бүгінде Ailat экожүйесі исламдық қаржыландыру қағидаттарын енгізуге арналған технологиялық, консалтингтік және инфрақұрылымдық шешімдерді біріктіреді. Компания қаржы ұйымдары, бизнес және жеке пайдаланушыларға арналған цифрлық өнімдерді дамытуды жалғастыруда.