Astana Hub резиденті бұлтты технологияларды дамытуға 10 миллион теңге грант алды

Uneet жобасы VK Cloud және Rocket Tech компаниялары ұйымдастырған стартап байқауында жеңіске жетіп, бұлтты ресурстарды пайдалану үшін 10 миллион теңге грант ұтты. Бұл стартап жасанды интеллектпен жұмыс істейтін мобильді және веб-қосымшалар арқылы HR қызметтеріне қол жеткізе алатын өндірістік қызметкерлерге арналған инновациялық платформаны ұсынады.


«Біз қазылар алқасына және VK Cloud компаниясына өнімімізді бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Біз қазір жергілікті платформаны пайдаланып жатырмыз, бірақ неғұрлым технологиялық стекке ауысқымыз келеді, сондықтан алған грант бізге көп көмектеседі. Біз өндіруші компаниялардың кем дегенде 5% біздің бағдарламалық жасақтаманы пайдаланатындай етіп өнімімізді бүкіл ел бойынша кеңейткіміз келеді», - деді Uneet негізін қалаушы Фатима Лазарева.

Стартап байқауы 26 қыркүйекте Орталық Азиядағы ең ірі технопарк – Astana Hub аумағында өткен митаптың басты оқиғасы болды. Қыркүйек айы бойы MVP-ден бастап жетілген жобаларға дейінгі әртүрлі кезеңдегі стартаптар питчингке қатысуға өтінім берді. Олардың ішінен 100-ден астам IT-кәсіпкерлер, әзірлеушілер мен инженерлердің басын қосқан шарада Astana Hub-тың үш үздік резидент стартаптары таңдалып, өз идеяларын ұсынды.

«Rocket Tech және Astana Hub технопаркіндегі әріптестермен бірлескен іс-шара Қазақстанның IT қауымдастығымен көп жылғы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Бұл біз үшін ерекше трек. Біз VK Cloud компаниясында елдегі IT-қызметтерін дамытуға белсенді қатысуға тырысамыз. Бұлтты ресурстарға грант ұсына отырып, біз жаңа технологиялық өнімдерді әзірлеуге және жасауға инвестиция саламыз деп үміттенеміз», - деді Дмитрий Лазаренко, VK Cloud өнімінің директоры және SaaS бизнес сегментінің көшбасшысы, VK Tech.

«Мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстанның цифрлық дамуында маңызды рөл атқарады, тәжірибе алмасуға, желі құруға және үздік тәжірибелерді талқылауға тамаша мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

Сондай-ақ кездесу аясында жетекші сала сарапшылары өнімді жасау, нарыққа сәйкестікті іздеу және машиналық оқытуды қолдану арқылы техникалық қолдауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Бұрын грант алған VK Cloud клиенттері бұлттық технологияларды пайдалану тәжірибесі туралы айтты.

Анықтама:

VK Cloud - кез келген көлемдегі компаниялар үшін тиімді әзірлеуге және деректермен жұмыс істеуге арналған бұлттық қызметтер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің кең ауқымы бар платформа.

Rocket Tech - It Reinvention Partner. Жетілдірілген финтех және цифрлық өнімдерді зерттейді, жобалайды, әзірлейді.

Пікірлер 9

Кіру пікір қалдыру үшін