Ынтымақтастық аясында Астанадағы Alem AI жасанды интеллект орталығы базасында мамандандырылған робототехника зертханасын ашу жоспарланып отыр. Жаңа зертхана ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелер жүргізуге, робототехникалық шешімдерді көрсетуге және осы салада білікті мамандар даярлауға арналған орталыққа айналады.
Бұдан бөлек, келісімге сәйкес қазақстандық студенттер мен инженерлерге Қытайдағы UNITREE өндіріс алаңдарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Олар роботтарды құрастыру, бағдарламалау және қолданбалы зерттеулер жүргізу бойынша тәжірибеден өтетін болады. Сонымен қатар, UNITREE мамандары Қазақстанға тұрақты түрде келіп, оқыту семинарларын өткізіп, бірлескен жобаларға қатысады.
Аталған меморандум білім беру мен ғылыми-зерттеу бастамаларын бірлесе жүзеге асыруға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге және робототехника саласындағы озық тәжірибені Қазақстанға енгізуге жол ашады. UNITREE компаниясымен әріптестік еліміздің жоғары технологиялар саласындағы әлеуетін арттырып, ғылыми және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға серпін береді деп күтілуде.