Бағдарламалық жасақтаманы бастан-аяқ орнату: Astana Hub қатысушыларына арналған маңызды нормалар

Салық заңнамасына сәйкес, өзіндік өндіріс талаптарына сәйкес емес жабдықты жеткізу қызметіне салықтық преференциялар қарастырылмайды. Жағымсыз жағдайға тап болмауы үшін технопарк қатысушылары белгіленген ережелерді қатаң сақтауы керек.


Өзіндік өндіріс критерийлеріне сәйкес келмейтін жабдықты жеткізу АКТ саласындағы басым қызметтер тізіміне кірмейтінін түсіну маңызды. Бұл Astana Hub қатысушысы ретінде салық преференцияларын ала алмайтыныңызды білдіреді. Бұл ретте, технопарк қатысушылары тауарларды өндірген және сатқан жағдайда, мұндай тауарлар өзіндік өндіріс критерийлеріне сәйкес келуі керек.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына сәйкес, өзіндік өндірістің тауардың шығу тегі туралы «ST-KZ» үлгісіндегі сертификаты немесе өнеркәсіптік сертификаты болуы тиіс. Егер жабдықта сіздің бағдарламалық жасақтама бұрыннан болса және жоғарыда көрсетілген сертификаттардың біреуі болса, бұл ереже бұзу болып саналмайды.

Дегенмен, егер тапсырыс беруші берілген жабдыққа қоса бағдарламалық жасақтаманы толық орнатуды сұраса, заңдар мен ережелерді сақтау маңызды. Бағдарламалық-аппараттық кешеннің бөлінбейтін бөлігі ретінде жабдықты пайдалана отырып, бағдарламалық жасақтаманы орнату қызметтерін көрсету заңнаманы бұзбайды. Аппараттық-бағдарламалық кешенді жеткізуге және қызметтерді көрсетуге шарт жасасу өзіндік өндірістің қолданыстағы нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі керек.

Осылайша, Astana Hub қатысушылары клиенттермен шарттар жасасу және орындау кезінде өзіндік өндіріс ережелерінің сақталуын қадағалап, заңның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Өзіндік өндіріс критерийлеріне сәйкес келмейтін жабдықтар мен бөлшектерді жеткізуге жол берген қатысушылар туралы біқатар кейсті мысалға келтірейік. Қатысушы бағдарламалық жасақтаманы орнату туралы келісімге отырды. Сонымен қатар, тапсырыс берушінің өтініші бойынша өзі өндірмеген жабдықты және құрамдас бөлшектерді жеткізуге жеке шарт жасады. Мұндай келісімдер тек АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінен кіріс алу бөлігінде технопаркке қатысу шарттарын бұзады.

Екінші мысалда қатысушы бөлінбейтін бағдарламалық-техникалық құралдарды жеткізуді қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешенді жеткізу туралы шарт жасады. Бұл ретте технопаркке қатысу шарттары бұзылған жоқ. Дегенмен, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетуге арналған шартты орындау барысында құрамдас бөліктерді жеткізу және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады. Осылайша, қатысушы өзіндік өндіріс критерийлеріне сәйкес келмейтін қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісім-шарттар жасай бастады.  Қатысушы сонымен қатар кабель тарту, іске қосу және кейіннен сервистік қызмет көрсету бойынша ілеспе қызметтерді көрсетуге жеке шарт жасайды. Бұл ретте құрамдас бөліктерді жеткізу және ілеспе қызметтерді көрсету АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізімінде жоқ қызметтер.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, тек АКТ саласындағы басым қызметтен кіріс алу міндеті бар технопарк қатысушысы кірістердің бөлек есебін жүргізе алмайды, сондықтан оның критерийлеріне сәйкес келмейтін жабдықты сату қажет болған жағдайда, оны сатуды басқа заңды тұлға арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру