Microsoft, Noventiq, qCloudy, ScienceSoft сияқты халықаралық және жергілікті ұйымдардың жетекші сарапшылары бұлтты технологиялар мен ЖИ-ді тәжірибеде қолдануға қатысты ойларын ортаға салды.
Microsoft өкілдерінің айтуынша, бұлтты есептеулер мен жасанды интеллект технологиялары – өзінің тиімділігі мен экономикалық құндылығын дәлелдеген құралдар. Олар сондай-ақ жалпыға қолжетімді бұлттардың арқасында икемді әрі кеңейтілетін ресурстарға қол жетімділіктің барын атап өтті. Ал ол өз кезегінде жергілікті инфрақұрылым мен жабдықтау шығындарын азайтуға көмектесіп, бүкіл әлем бойынша пайдаланушыларға жасанды интеллект құралдарын ұсынады.
Astana Hub, Noventiq және DataBoom қолдауымен өткен бұл шараға 170-ке жуық кәсіпкер мен IT-маман жиналды. Қатысушылар инновация мен технология салаларындағы білімдерімен және алған тәжірибелерімен бөлісті.
Үздік спикерлердің баяндамаларынан бөлек, іс-шарада күрделі мәселелерді шешуге арналған Azure OpenAI-ді пайдаланудың кейстері, сондай-ақ Azure ML Studio және Azure AI Studio бағдарламаларында LLMOps жұмысын басқару процестері көрсетілді. Сонымен қатар конференция қонақтары Azure негізіндегі генеративті AI – Copilot мүмкіндіктерімен танысты.