Астанада alem.ai алаңында жоғары технологиялық Ахуал орталығы іске қосылады
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен Presight компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам технопарк алаңында кездесу өткізді. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық трансформация және бірлескен жобалар аясындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Томас Прамотедхам Presight компаниясын G42 тобының еншілес ұйымы әрі Big Data талдау мен жасанды интеллект бағытындағы жаһандық көшбасшы деп, Қазақстанның цифрлық дамуын қолдауға әзір екенін ерекше атап өтті. Негізгі бастамалардың бірі – alem.ai алаңында Ахуал орталығын құру. Аталған ұйым қала инфрақұрылымын басқаруда зияткерлік хаб қызметін атқарады. Жаңа орталық Smart City жобасы аясында қалалық қызметтердің жұмысына жедел мониторинг, деректерді талдау және жасанды интеллектті қолдана отырып, басқару мүмкіндіктерін үйлестіретін негізгі платформа болмақ.
Ахуал орталығында жасанды интеллекттің озық алгоритмдері қолданылады, оның ішінде көлік қозғалысын болжау, оқыс оқиғаларды автоматты түрде анықтау, бет-бейне және көлік нөмірлерін тану мен аномалияларды анықтау технологиялары бар. Осы шешімдерді біріктіру коммуналдық қызметтердің тиімділігін біршама арттырып, оқыс оқиғаларға жауап беру уақытын қысқартып, қала инфрақұрылымын оңтайландыруға септігін тигізеді.
Орталық қала бойынша 22 мың бейне және IoT сенсорлық жүйелерін біріктіру арқылы қамту аймағын 67%-ға арттырады. Жасанды интеллект алгоритмдері жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын автоматты түрде талдап, құқықбұзушылықтарды анықтап, нақты уақыттағы деректерді тиісті қалалық қызметтерге жолдайды. Бұдан бөлек, орталық арнайы физикалық қауіпсіздік саласындағы деректерді басқару платформасымен кіріктіріліп, қала бойынша қауіпсіздік жүйесінің бірыңғай интерфейсін, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды үйлестіруді және қауіп-қатерді болжау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
«Біз Қазақстанның озық цифрлық технологияларды игерудегі көшбасшылығы мен жасанды интеллектті дамытуға деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз, әсіресе, alem.ai жобасының құрылуын ерекше атап өтеміз. Бұл бағытты толық қолдаймыз. Presight компаниясы Қазақстанның цифрлық экономикада көшбасшы атануына қажетті технологияларды, сараптаманы және ресурстарды ұсынуға дайын», – деді Томас Прамотедхам.
alem.ai бастамасы аясында Presight пен Astana Hub жасанды интеллект пен Big Data талдау бағыттарында ынтымақтастықты жалғастырады, сондай-ақ Қазақстандағы салалық мамандарды даярлау мен дамытуға үлес қосады. Компания үлкен деректерді инновациялық тұрғыда қолдануға бағытталған стартаптарды қолдап, жасанды интеллект шешімдерін мемлекеттік және жеке секторларда енгізуді көздеп отыр.
Пікірлер 15
Кіру пікір қалдыру үшін
Аруна Абдикеримова · Наурыз 18, 2025 11:21
Мықты👍🏻👊
Каринэ Магалова · Наурыз 17, 2025 19:23
супер
Каринэ Магалова · Наурыз 17, 2025 19:23
супер
Ainur Shamkelova · Наурыз 17, 2025 15:29
кермет құбылыс
Suleiman Zhamuldin · Наурыз 16, 2025 23:22
Круто
Ерболат Шайлан · Наурыз 16, 2025 01:16
👍
布热比亚 百克木 · Наурыз 15, 2025 19:39
我觉得这个项目做得很好
Саёра Маметова · Наурыз 15, 2025 17:28
вааууу супер
Aisha Aitkali · Наурыз 15, 2025 10:26
им мн Иса ы
Диана Аман · Наурыз 15, 2025 07:51
👍🏻👍🏻
Асылзат Куланходжаева · Наурыз 15, 2025 03:49
Хорошо спасибо
Elias Zholaman · Наурыз 14, 2025 16:52
Отлично
Shokan Altayev · Наурыз 14, 2025 15:19
👍
Кайсар Абдыкасым · Наурыз 14, 2025 12:22
Отличная новость! Будем ждать расширения во всех направлениях
Сырым Акажанов · Наурыз 14, 2025 10:28
Классно 👍🏾