Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы жуырда сөйлеген сөзінде жасанды интеллект жүйесін дамыту мен құрудың еліміздің болашағы мен оның әлемдік қауымдастықтағы рөлін нығайтудағы маңыздылығын атап өткен болатын.
«Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытты жеке қадағалап, шетелдік және отандық мамандармен кездесулер өткізіп, жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалайтын боламын», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
ai.astanahub.com цифрлық платформасының қызметі халықты жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның қызметі туралы ақпараттандыруға, ресурстар мен дерекқорларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасауда AI-ны пайдалануды ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар өз жобаларында жасанды зиятты қолданғысы келетін жасампаздар платформа арқылы білімдерін жетілдіре алады.
Сарапшылар қазіргі әлемде AI ең маңызды технологиялық тренд екенін растап отыр. Crunchbase зерттеуіне сәйкес, AI стартаптарына салынған инвестиция 2023 жылы 50 миллиард долларға жуықтады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9% жоғары.
«Бүгін біз технология мен жасанды интеллект біздің өмірімізде шешуші рөл атқаратын жаңа дәуірге қадам бастық. Біз қазірдің өзінде қызметтерді 100% цифрландырудың алдында тұрмыз. Қазақстанның жаһандық мақсаты – аймақтағы ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу», – деді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Astana Hub Орталық Азия экожүйесінің негізгі драйверлерінің бірі ретінде инновациялық жобаларға, соның ішінде жасанды интеллект саласындағы жобаларға қолдау көрсетіп, барынша дамытып жатыр.
Технопаркте жасанды интеллект негізінде жобаларды әзірлеу мен масштабтауда қолдау көрсетуге бағытталған AI-Center ашылмақ. Орталықтың мақсаты – бағдарламалық жасақтама инженерлерінің келесі буынын оқыту және дамыту, жаңа жобаларды құруға ықпал ету, жасанды интеллект негізіндегі жобалармен жұмыс істейтін стартаптарды қолдау және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
Presight.AI, Microsoft және NVIDIA сияқты әлемдік көшбасшылармен бірге Astana Hub түрлі іс-шаралар мен оқыту семинарларын өткізеді. Мысалы, 2023 жылы AI Battle– стартап-идеялардың деңгейін көтеруге және олардың жасанды интеллект саласындағы бизнесін кеңейтуге бағытталған байқау өткізілді. Сондай-ақ технопарк алаңында Microsoft пен NVIDIA ұйымдастырған воркшоптар жиі өткізіледі. Қазақстандық стартаптардың NVIDIA Inception және Microsoft for Startups бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламалар стартаптарға қаржылық қолдау ғана емес, ресурстарға, сарапшылар мен технологиялық серіктестерге қол жеткізуге жол ашып, олардың дамуына айтарлықтай ықпал етеді.
Astana Hub стартаптар үшін графикалық өңдеу блоктары (GPU) негізінде бұлтты есептеу ресурстары үшін арнайы шарттарды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі уақытта нарық сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті ресурстарды анықтауға көмектесу үшін нарықтың GPU қажеттіліктеріне талдау жүргізіліп жатыр. Есептеу қуатының қажеттілігі туралы мәліметтерді жинау ai.astanahub.com платформасында «Ресурстар» бөлімінде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, AI негізіндегі стартаптар қатары жылдам өсіп келеді. Бүгінгі таңда Cerebra, Biometric, ZebraEye, BeineAI, Flowsell, Paperstack PipeData, SpeechLab және тағы басқа 200-ден астам Astana Hub қатысушылары жасанды интеллект технологияларын белсенді пайдаланады.
Пікірлер 5
Кіру пікір қалдыру үшін
Nursezim Tokbolat · Ақп. 27, 2024 23:06
Good job!
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:32
Согласен, надо развивать данное направление
Saken Satenov · Ақп. 1, 2024 15:04
🔥🔥🔥
Максим Бабаев · Ақп. 1, 2024 13:10
Хорошая задумка, посмотрим как реализуют в дальнейшем
Janabil · Қаң. 31, 2024 08:31
🤯🤯🤯