1-3 қазан аралығында Астана жасанды интеллект көмегімен түсірілген Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің алаңына айналады. Конкурсқа 125 елден 8 067 өтінім түсті: ең көп өтінім АҚШ-тан тіркелді, ал екінші орында — Қазақстан. Фестивальдің жалпы жүлделік және инвестициялық қоры 2 млн долларды құрайды.
Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, AI MONTH-тың басты оқиғасы — AI & Digital Bridge 2026 форумының құрамдас бөлігіне айналады. Үш күн бойы Астанада конкурс финалистері, халықаралық қазылар алқасы мен фестиваль серіктестері бас қосады, ал конкурстық фильмдер көрермендерге үлкен экранда тегін көрсетіледі.
AAIFF 2026 байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды. Ұйымдастырушылар Алмас Жәли мен Айзатулла Хуссейннің мәліметінше, өтінімдер 125 елден түскен.
Үздік ондыққа АҚШ, Қазақстан, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индонезия, Жапония, Бразилия және Франция кірді.
Қазақстандық авторлар 829 өтінім берді — бұл барлық елдер арасындағы екінші көрсеткіш. Байқауға жаңадан бастаған авторлар да, жүздеген мың және миллиондаған оқырманы бар AI-контент жасаушылар да қатысты.
«125 елден түскен 8 067 өтінім AI-киноның жай ғана эксперимент емес, өз авторлары мен командалары бар жеке индустрияға айналғанын көрсетеді. Бұл индустрияның әлі де қалыптасқан инфрақұрылымы жоқ, ал біз оны Қазақстанда құрғымыз келеді. Сондықтан жүлде қорынан бөлек инвестициялық капитал да қарастырылған: командалар осында заңды тұлға ретінде тіркеліп, Astana Hub резиденті атанады және өндірісті Қазақстаннан ары қарай жалғастырады. Осылайша фестиваль төңірегінде AI-өндірістің экожүйесі қалыптасады», — деп атап өтті AAIFF негізін қалаушы әрі кеңес төрағасы Алмас Жәли.
Байқау шарттары
Қатысушылар ұзақтығы кемінде үш минут болатын қысқаметражды фильмдерін ұсынды. Негізгі талап — full AI форматы, мұнда туындыны жасаудың негізгі процесі жасанды интеллект арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Барлық жұмыстар авторлық құқықтың сақталуына және түпнұсқалылыққа міндетті түрде тексеріледі.
Негізгі бағдарлама «The Future Worth Living In» («Болашаққа бағдар») тақырыбына арналған. Бұл бөлімнің жүлде қоры — 750 мың доллар: Гран-при жеңімпазына 450 мың доллар берілсе, екінші және үшінші орын иегерлері тиісінше 200 мың және 100 мың доллар жүлде алады.
Ашық секцияға тағы 250 мың доллар бөлінген. Жеңімпаз атанған бес қатысушы «Үздік кейіпкер», «Үздік режиссура», «Үздік көрнекі тіл», «Үздік оқиға» және «Үздік тұжырымдама» бағыттары бойынша 50 мың доллардан иеленеді.
Жалпы қордың екінші жартысы — 1 млн доллар — байқау бағдарламасының ең үздік командаларына инвестиция құюға арналған. Инвестициялық капиталды Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры, a16z венчурлық қорының экс-бас серіктесі әрі The Network School негізін қалаушы Баладжи Сринивасан ұсынды.
Командалар ұсынылған жұмыстардың сапасы, олардың орындалу деңгейі және AI-өндіріс саласындағы әлеуеті ескеріле отырып таңдалады. Инвестиция иегерлері Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркеліп, Astana Hub қатысушысы атанады.
Осылайша, AAIFF тек кинобайқау ретінде ғана емес, сонымен бірге келешегі бар командалардың жұмысын ары қарай жалғастыруына қолдау көрсету, Қазақстанға халықаралық сараптама тарту және AI-өндіріс нарығын дамытудың негізін қалау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Халықаралық қазылар алқасының құрамы
Қазылар алқасына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның экс-мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group Жасанды интеллект зерттеу институтының деканы Ма Пин, Пекин киноакадемиясы Анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, сондай-ақ Баладжи Шринивасан және BytePlus компаниясының өкілі кіретіні хабарланды.
ByteDance корпорациясының B2B-бағыты саналатын BytePlus компаниясы фестивальдің технологиялық серіктесі. ByteDance TikTok пен CapCut қосымшаларының авторы және Seedance генеративті видеомоделін әзірлеуші ретінде белгілі. Серіктестік аясында 25 финалист 60 мың несие топтамасы бар DRAMAGIC контент генерациялау платформасына жылдық жазылым алады.
Конкурстық фильмдерді қайдан көруге болады
AAIFF AI & Digital Bridge 2026 алаңында жеке стендпен және іскерлік бағдарламасымен таныстырылады. Фестиваль жасанды интеллекттің кино, музыка, бейнелеу өнері, медиа, сән мен сторителлингке тигізетін әсері туралы Creative Bridge трегінің ажырамас бөлігіне айналады. Фестиваль бағдарламасы AAIFF ресми парақшасында көрсетілген.
Конкурстық жұмыстарды көрсету 1 қазанда Chaplin кинотеатрында басталады. Фильмдерді алдын ала алынған билет бойынша тегін тамашалауға болады. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасына ашылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттауға арналған гала-кеш кіреді. Байқау қорытындысы 3 қазанда AI & Digital Bridge 2026 форумында жарияланады.
AI & Digital Bridge 2026 форумы 20 мыңнан астам қатысушы мен 100-ден астам технологиялық компанияның басын қосады. Форумның басты хедлайнерлерінің қатарында — Higgsfield AI негізін қалаушылардың бірі Ерзат Дулат пен Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан бар.
Сондай-ақ келушілерді іскерлік сессиялар, технологиялық көрме, Startup Alley, Astana Hub Battle финалы, AI & Digital Bridge Awards, AI-шешімдер мен робототехника көрсетілімі, креативті индустриялар мен GameDev жобалары күтеді.
1 қазанда мемлекеттік орган басшылары, халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшылары үшін жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама өтеді. Бұл күнгі бағдарламаға қатысу тек арнайы шақыру арқылы жүзеге асырылады. 2–3 қазанда форумның есігі барлық билет иелері үшін айқара ашылады.
AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалатын барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен жабылады. Алтын серіктестер — Freedom Банкі, Kaspi.kz және «Самұрық-Қазына» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Transformation Partner — Beeline Қазақстан. Digital Partner — BI Group. Official Airline Partner — Air Astana.