Оффлайн режиміне қайтып ораламыз!

Astana Hub-та Алмас Әбілхайыровпен алғашқы оффлайн кездесу өтті


"Біз өз қателіктеріміздің оқиғаларымен бөліскен кезде, сәтсіздіктер де аз болады".

Spatial Chat бірегей онлайн топтық коммуникация сервисінің негізін қалаушы, "Венчур по понятиям" Telegram-арнасының авторы, біздің отандасымыз Алмас Абулхаиров өз сөзін осылай бастады.

Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Astana Hub-та офлайн форматында кездесу өтті. Қызу кездесулерді сағынған аудитория спикерді ықыласпен тыңдап, өз сұрақтарын қоюға асықты.

Бірнеше салаға кесірін тигізген коронавирустық пандемия күтпеген жерден жаңа идеялардың туындауына әкелді. 2016 жылдан бастап 16 факапты бастан кешірген және 2020 жылдың басында екінші өмірге ие болған Spatial Chat жобасымен де осылай болды. Бүгінгі таңда қосымшада АҚШ, Еуропа, Жапония, Бразилия және басқа елдерден айына 400.000 белсенді қолданушы бар. Қызметтің ерекшелігі – пайдаланушылар бір спикерден екіншісіне еркін өтіп, бірнеше пікірталастарға қатар қатыса алады.

Бірнеше жыл Мәскеуде тұрып, еуропалық және американдық компаниялармен ынтымақтастық тәжірибесіне ие бола отырып, Алмас Қазақстаннан стартапты дамытудың артықшылықтарын атап өтті.

  • Мен бұны "қазақтың операциялық жүйесі" деп атаймын. Біздің мектептегі біліміміз ерекше, өйткені біз бірден 3 тілді үйрендік. Бұл — үлкен артықшылық. Сонымен қатар, Қазақстанға және шетелдегі қазақстандықтарға деген көзқарас өте жағымды, мен осыған бірнеше рет көз жеткіздім.

Кездесуде қатысушылар танысудың пайдасы және сатушылар мен инженерлер арасындағы міндеттерді жүктеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті.

- Кез келген кәсіпорынның табысы 50% технологияға және 50% маркетингтік саясатқа байланысты екенін есте сақтау қажет. Spatial Chat жағдайында бұл пропорция 51% және сату пайдасына 49%-ға тең.

"Ең бастысы - бізде бар нәрсе емес, бар нәрсемен не істей аламыз", - деген тіркеспен Алмас жас стартаперлермен сұхбат алаңын қорытындылады.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін