Чехияның «Kazakhstan Investment» инвестициялық-консалтингтік компаниясы Қазақстанның стартаптарына Еуропадан инвестициялар тарту бойынша қызметтер ұсынады
«Kazakhstan Investment» жұмысының бір бағыты - жобаларды одан әрі дамыту мақсатында ТМД және IT-стартаптар мен Еуропалық бизнес-инкубаторлар, акселераторлар мен инвесторлар арасында танысу үшін алаңдар ұйымдастыру және байланыс орнату.
«Kazakhstan Investment» ірі Чех инвесторларымен, бизнес-инкубаторлармен және акселераторлармен ынтымақтастық орнатқан. Компанияның серіктестері бүкіл әлем бойынша мыңдаған стартаптарды қолдап, алға шығарды және 50 000-нан 1 000 000 еуроға дейінгі жаңа жобаларға инвестиция салуға дайын. Осындай серіктестердің бірі-ірі Чех Банкі, ол өзінің акселерациялық бағдарламасының арқасында өзінің 3 млн.клиенті арасында стартаптарды ілгерілетеді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін